Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау туралы құжаттар
Орындаған:Аралбаева А.Т.
Аманкелді Ұ.
Тобы: ФӨТ14-003-01
Тексерген:Бейісбекова Л.
Алматы,2017
Жоспары:
Кіріспе
Еңбекті қорғау
Қазақстан Республикасындағы еңбектi қорғау саласындағы заңдар
Қауіпсіздік техникасы
Глоссарий
Қорытынды
Тест сұрақтары
Кіріспе
Еңбек - адамдардың өмір сүруі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі; еңбек қатынастары – тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар.
Кіріспе
Жеке еңбек шарты – қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын екіжақты келісім, ол бойынша қызметкер жұмыс берушінің актісін атқара отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшалай төлемдерді уақытында және толық көлемінде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді .