ішіне қарай таралуы мүмкін. Коррозияның бұл түрі ең қауіпті, себебі, басқарылуы қиын
және транскристаллиттік (кристалішілік) деп аталады.
Сызаттық коррозия — аппараттың түрлі бөліктерін
біркелкі емес айнала
ағатындығымен ерекшеленеді, ал ол өз кезегінде катодты және анодты бөліктердің түзілуіне
алып келеді. Сызаттық коррозия электрохимиялық коррозияның бір түрі болып келеді.
Коррозиямен күресудің тәсілдері.
Мысал үшін тотбаспайтын болаттардың коррозиясының кейбір ерекшеліктерін және
олармен күресу жолдарын қарап өтеміз. Тотбаспайтын болаттардың коррозияға жоғары
төзімділігі олардың оңай, атмосфералық жағдайда ауадағы оттегімен-ақ пассивтену
(қорғаныш қабыршағымен жамылу) қасиетімен анықталады.
Тотбаспайтын болаттардың коррозияға төзімділігі келесіге тәуелді болады:
1. Негізгі қоспаланушы компонент хромның барлығына, оның құрамда болуының
артуымен болаттың коррозияға төзімділігі күрт өседі.
2. Көміртегі болуына, оның өсуімен болаттың коррозияға төзімділігі күрт төмендейді.
3. Болаттың құрылымдық күйіне тәуелді. Ең коррозияға жоғары төзімділікке хром және
никельмен қоспаланған қатты ерітінділер ие болады. Карбид немесе нитрид түзілуінің
нәтижесінде болатын құрылымның біртектілігінің бұзылуы
қатты ерітіндідегі хромның
азаюына және коррозияға төзімділіктің төмендеуіне алып келеді.
4. Агресивті ортаның табиғатына және пассивті қабыршақтың тұрақтылығына.
Тотбаспайтын болаттар оттегі болғанда азот қышқылы ерітіндісінде, әртүрлі нейтралды және
әлсіз қышқылды ерітінділерде тұрақты және тұз, күкірт, балқытқыш қышқылдарда тұрақсыз.
Болаттар пассивті қабыршақтардың жойылуының себебінен күшті тотықтырғыш орталарды
өзінің тұрақтылығын жоғалтады, мысалы, жоғары температураларда үлкен концентрациялы
азот қышқылында.
5. Температураға. Температураның көтерілуі себепті тотбаспайтын болаттардың
коррозияға төзімділігі тотықтырғыш орталарда да, тотықтырғыш емес орталарда да күрт
төмендейді.
Тотбаспайтын болаттардың коррозиясы электрохимиялық та,
химиялық та механизмдер
бойынша жүруі мүмкін. Құрылымдық құрамдарының күрделі құрылымдық күйіне және
электрохимиялық пен коррозиялық қасиеттерінің үлкен айырмашылығына байланысты
тотбаспайтын болаттар әсіресе жергілікті бұзылулардың (кристаларалық, нүктелік, жаралық
коррозия) пайда болуына бейім келеді. Саңылаулары және сызаттары бар күрделі
құрылымдарда сызаттық коррозия пайда болады. Кристаларалық коррозия сваркалы
қосылыстарда және термиялық дұрыс емес өңдегенде жиі кездеседі. Бұл жағдайда дәндер
пассивті күйде болады, ал дәндердің шекаралары хром карбиді түзілуі себепті активті күйде
болады. Болаттың құрамында көміртегінің артуымен оның кристаларалық коррозияға
сезімталдығы күрт өседі. Болаттардың кристаларалық коррозияға сезімталдығына дәндердің
көлемі ықпал жасайды. Дәннің көлемі кіші болған сайын болаттың коррозияға сезімталдығы
да азаяды.
Кристаларалық коррозиямен күресудің бірнеше эффективті (
нәтижелі
) тәсілі бар:
1. Құрамындағы көміртегіні азайту. Сонда дәндердің шекараларында карбид түзілуі
азаяды. Құрамында көміртегі 0,3%-дан аз болаттардың сезімталдығы төмен.
2. Жоғары температурадан суға салып шынықтыру. Бұл кезде дәндердің
шекараларындағы хром карбидтері қатты ерітіндіге өтеді.
3. 750—900 °С-та тұрақтандыратын жағуды қолдану. Сонда хромның дән мен дәндердің
шекаралары бойынша тегістелуі орын алыды.
4. Болатты карбид түзетін тұрақтандырғыш элементтермен – титан, ниобий, танталмен
қоспалау. Көміртегі хром
карбидтерінің орнына титан, тантал, ниобий карбидтеріне
байланады, ал қатты ерітіндідегі хромның концентрациясы тұрақты болып қалады.
5. Екі қабатты болаттарды – аустенит-ферритті болаттарды жасау.
Тотбаспайтын болаттардың нүктелік және жаралық коррозиясы бұйымдарды теңіз
суында эксплуатациялағанда жиі кездеседі. Бұл хлор-иондардың болаттың беттік қабатының
кейбір бөліктерінде адсорбциялануына байланысты, сол кезде коррозияның жергіліктенуі
жүреді. Молибденмен қоспалау металдың хлор-иондардың әсеріне қарсылық көрсетуін күрт
өсіреді.
Сызат, саңылау, қалташалы күрделі конструкциялы тоттанбайтын болаттардын жасалған
бұйымдарда сызаттық коррозия болады. Оның механизмі оттегі немесе басқа
тотықтырғыштың, анодтық коррозияны баяулатқыштардың конструкцияның қиын жететін
бөліктеріне диффузиясының қиындауына, сондықтан болат осы бөліктерде белсенді күйге
көшетіндігіне байланысты болады.
Коррозияның бұл түрімен күресу әдістері
бірінші кезекте саңылау, сызат,
қалташалардың және болаттың металл емес материалдармен әрекеттесуінің жойылуына, яғни
конструктивті тәсілдерге әкеледі. Сонымен қатар ерітіндіде тотықтырғыш немесе анодты
баяулатқыштарды арттыру да өте тиімді.
Әдебиеттер:
Под. ред. Михайличенко А.И. Основы проектирования химических производств. – М.: ИКЦ
«Академкнига», 2005. – 252-268 б.
Достарыңызбен бөлісу: