Металдар коррозиясы және коррозиядан қорғау жолдары
Коррозия дегеніміз — металдардың және олардың құймаларының қоршаған орта әсерінен иондануы, бұзылуы, нәтижесінде металдық қасиетінің жойылуы. Яғни, коррозия кезінде металдар тотығып ион күйіне көшеді.
Ме0 – ne → Me
Металдардың бүліну процесі коррозия латынша: (corrodere –желіну) деп аталады.
Жемірілудің келтірген зиянынан металл бұйымдар пайдалануға жарамсыз болып қалады, бұл тіпті түрлі апаттарға соқтыруы мүмкін. Коррозияның әсерінен дүние жүзінде балқытылған металдардың және оның құймаларының 10 коррозияға ұшырайды екен.
Коррозияның түрлері
1. Химиялық:Электр тогын туғызбайтын, бейэлектролиттер-құрғақ газдардың:СІ2, СО2, SO2 әсерінен жүреді. Бұған газ құбырларының, зымыран қондырғыларының түрлі тетіктері ұшырайды. Металдарды жоғары температурада өңдегенде, химиялық жемірілу жүруі мүмкін.
· Химиялық коррозияның мысалдары:
· 3Fe + 2O2 → Fe3O4
· 2Fe + 3Cl2 → 2FeCl3
· Cu → CuO(жай)→CuSO3
қызғылт қара жасыл
2. Электрохимиялық: электролит ерітінділерінде әртүрлі металдардың жанасуы кезінде, электр тогын тудыра жүреді.Өзен мен теңіз суларындағы кеме корпустары мен гидроқондырғылардың болатты арматураларын тат басуы, қышқыл, сілті, тұз ерітінділерімен жанасатын химиялық өнеркәсіптің қондырғылары және жер астындағы құбырлардың бүлінуі мысал бола алады. Электрохимиялық жемірілу кезінде электрондарды беру процесі жүріп қоймайды, бір жерден екінші жерге электрондардың ауысуы жүреді, яғни электр тогы пайда болады.
Бейтарап орта:
4Fe(OH)2+2H2O+O2=4Fe(OH)3
анод(Fe): Fe0 – 3e → Fe3+
катод(Сu): O2 + 2H2O+ 4e→ 4OH-
Қышқылдық орта:
Fe + 2HCl = FeCl2 + H2
анод(Fe): Fe0 – 2e → Fe2+
катод(Сu): 2H+ + 2e→ H20
Коррозияданқорғау:
1) Қаптау (металдық, бейметалдық)
2) Жемірілуге қарсы құймалар
3) Сүйеніш (протектор) қорғаныш.
4) Орта құрамын өзгерту (ингибитор) деаэрация
5) Металдарды жаңа конструкциямен ауыстыру.
Металдарды коррозиядан сақтаудың негізгі әдістері
1.Қорғайтын қаптама қолдану
1) металл бұйымдарды басқа металдармен қаптайды
(никелдеу, хромдау, т.б)
2)Металл бұйымдарды лактайды,сырлайды, кіреукелейді
2.Коррозияға төзімді құйма дайындау
Машина бөлшектерін және тұрмыстық нәрселерді тот баспайтын және басқа коррозиға тұрақты құймаларды дайындау.
3.Қорғаудың электрохимиялық әдістері.
1)Активтірек металдан жасалған тойтарма қолдану.
2 )Негізгі металл бұйымды қорғау үшін активтірек металл тақташасын жапсыру.
3)Коррозия кезінде пайда болған токты қарама-қарсы бағытта тұрақты ток жіберіп бейтараптау.
4.Орта құрамын өзгерту
Басытқылар қосу, деаэрация.
Достарыңызбен бөлісу: |