Балалардың қоғамдық бірлестігігі - ең алдымен ұйымдастырушы, өзін – өзі басқарушы, балалардың сұранысын, қажеттілігін, мұқтаждарын бейнелейтін белгілі бір мақсатқа жету үшін қатысушылардың көтерген бастамалары мен қалаулары бойынша құрылған қауымдастық.
Әдебиеттер:
Әбенбаев С.Ш Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. –Алматы: Дарын, 2004.
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Оқу құралы. –Алматы, 2000.
Сластенин В.А. Методика воспитательной работы. Учебное пособие. – Москва, 2008.
СуминаТ.Г. Теория и методика воспитательной работы: курс лекций.Т.Г.Сумина Екатеринбург: Изд – во Рос.гос.проф. – пед. ун –та, 2010.
Тәжібаева С.Ғ. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық. –Алматы, 2013.
Худякова Н.Л. Теория и методика воспитания: учеб. пособие Н.Л.Худякова Челябинск: Изд – во Челяб. гос. ун – та, 2009.
Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүрмейді. Себебі, оның жан дүниесі тек айналасымен қарым–қатынас жасау үстінде, тәлім – тәрбие, оқу - іздену арқылы әр кез белгілі бір мазмұнға ие болып отырады.Сондықтан да, оның айналысатын іс–әрекетіне қоса, бүкіл тыныс тіршілігіне, ұстанған бағытына себеп болатын түрткілер көп. Солардың бастылары: қызығушылығы, танымы мен сенімі, мұраты мен талғамы, мақсаты мен мүддесі. Адам баласына ой салатын осындай әртүрлі ұғымдар санаға ұяласа ғана сенім пайда болады. Адамның бір - біріне сенімі жоғалса, тіршілігінің де мәні болмайды. Сенім адамға бірден келмейді, ол өмір көріністерін топшылау, салыстыру, тәрбие жинақтау арқылы екінші жаққа өз тағдырын тапсырады.
Сенім – адамның ерік – жігерін, оның бір – біріне қарым –қатынасының қандай екенін дәлелдейтін ұғым. Ендеше, баланың берік сенімі болмаса, онда бір – біріне ынтымағы да жойылады. Сенімсіздік болған жерде топ ыдырайды, іс–әрекет құлдырайды. Балалар бір – біріне сенген жағдайда ғана, қоғамға пайдалы үлкен іс атқаратын ұйым құра алады. Ондай іс
әрекетті балалар қозғалысына жатқызуға болады.
Олай болса, балалардың және жеткіншектердің дамуында маңызды фактор – құрбылар қауымдастығы. Бала өзінің құрбыларымен қарым – қатынасында қосымша мағлұматтар алады, өмірлік тәжірибесін молайтады, әлеуметтік мінез – құлық ережелері мен құндылық бағдарды меңгереді, жолдастық және достық сезімін қалыптастырады т.с.с.
Жастар қозғалысы ол дүниежүзінің барлық халықтарында болып, іске асатын қозғалыс заңы. Кеңес Одағының тарауымен 1990 жылы Бүкілодақтық пионер слетінің шешіміне орай, балалар мен жас жеткіншектердің қоғамдық қозғалысының формасы мен басқару өкілдері тоқтатылды. Бұл жағдай мектепте және балалар ортасында тәрбие жұмысын ұйымдастыру жүйесіне кері әсерін тигізді.
Қазіргі таңда көптеген облыстарда балалар қозғалысы күш алуда, оны ұйымдастырудың әдістемесі және мазмұны жаңа сипатқа ие болуда. Мысалы, Алматы обылысы әкімшілігінің қолдауымен құрылған «Мың бала қозғалысы» осы бағытта балаларда үлкен тәрбиелік ықпал етіп, өнегелік іс – шаралар атқаруда.
Өзінің бұрынғы өткен тарихында, балалар мен жас жеткіншектер қозғалысы XX ғасырдың бастапқы кезеңінде «Скауттар» деген атпен тұңғыш рет дүниеге келді. (шамамен 1907 жыл). Оның негізін қалаған ағылшын полковнигі Р.Баден – Поуэлл болды.
Скаутизм – ағылшын тілінде SCОТ, яғни «барлаушы» деген ұғымды білдіреді. Оны құрудағы негізі мақсат – балалар мен жас жеткіншектерді сол дәуірдегі үстем тап өкілдеріне берілгендік рухта тәрбиелеуді көздеді.
1921 жылы ол Ұлыбританияда, Германияда, Италияда, Францияда, Индияда өз жұмыстарын жалғастырса, ал 1972 жылы көрсеткіш бойынша оның таралуы 106 мемлекетті қамтыған. Ал Ресей жерінде 1909 жылы оның бірінші отрядтары құрылды.
1917 жылы Ұлы Қазан жеңісінен кейін 50 мыңдық скауттар ұйымын құраған Ресей топырағында, 1918 – 20 жылдардағы комсомолдардың 2,3 және 4 съездерінің шешімдері бойынша оның жұмыстары тоқтатылып, орнына жаңа балалар ұйымы, яғни пионерлер ұйымы құрылды. (19 мамыр 1922 жылы) Оның мақсаты – жас жеткіншектерді коммунистік рухта тәрбиелеу. 70 жылдай уақыт ішінде жастар қозғалысы октябрят, пионер, комсомол ұйымдары болып, кезең – кезеңмен коммунизм құрылысшыларын тәрбиеледі.Оның жетекшісі комсомол ұйымы болды.
Бүгінгі жағдайда Қазақстан елі үшін қызмет ететін балалар мен жас жеткіншектерді тәрбиелеуде қызмет ететін ұйымдарға - олардың қоғамдық негіздегі бірлестіктері жатады.
1980 жылдардың орта шенінде пайда болып, пионер ұйымдарымен қатарласа жұмыс істеп келді. Олардың қызметі 3 бағытты қамтиды.
Дамытушылық қызметі. Ол тұлғаның азаматтық қалыптасуын және оның әлеуметтік шығармашылық дамуын, адамдардың қарым – қатынас жасау біліктілігін, қоғамдық және тұлғалық маңызды мақсатқа қол жеткізуін қамтамасызт етеді.
Бағыттаушылық қызметі. Мұнда адамгершілік, әлеуметтік, саяси және мәдени құндылық жүйесін меңгерудің бағытын қамтамасыз етуді көздейді.
Компенсаторлық қызметі. Бұл балалардың қажеттілігі мен қызығушылықтарын және мүмкіншіліктерін жүзеге асыру үшін жағдай тудыруды көздейді.
Бүгінде балалар бірлестіктері
өзінің ұйымдастыру – құқықтық формасын (бірлестік, ұйым, қозғалыс, орталық,
клуб);
көлемі мен деңгейіне (пионер одағының ұйымы, республикалық «Невада»
қозғалысы (Семей қаласы), аймақ арлық клуб);
әрекеттерінің мақсаты мен мазмұнына (елжандылық, экологиялық, саяси, скауттық, пионер);
Әрекет ету бағдарламасына (Атамекен, Дәстүр, Жұлдыз, Ұлан)
1991 жылы Мәскеу қаласында демократиялық тұрғыдағы ерікті қоғамдық ұйым Пионер Ұйымдарының Одағы құрылды.Оның идеологиялық бағыты – гуманистік, жалпы адамзаттық құндылықты ұстану және мақсат ету. Негізгі міндеті – өсіп келе жатқан ұрпақтың рухани жан дүниесін дамыту, жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгері мен әлеуметтік маңызды істерге тарту. Басымдық танытатын ұстанымдары (принциптері) – еріктілігі, тең құқықтылығы, өзін – өзі басқаруы, заңдылықты сақтауы, жариялығы.
(Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский)
«Мың бала» патриоттық қозғалысының бағдарламасы
1 «Білік мектебі» Халқымыздың ерлік тарихын, жауынгерлік мектебін оқып үйренеді. Соғыс пен бейбітшілік мәселелерін зерттейді, сабақтар, конференция, семинарлар, кездесулер өткізеді.
Біз бейбітшілікті сақтаймыз.
Мен ертеңгі жауынгер.
Тәні саудың – жаны сау.
Салауат клубы.
1991 жылы ҚР балалар мен пионерлер ұйымдары үшін Ақмола облыстық пионер ұйымының авторлық ұжымдық профессоры Е.А. Димитренконың басшылығымен «Жұлдыз» бағдарламасы жасалды. Бұл бағдарлама балалар мен пионерлердің Республикалық кеңесінің Пленумінде қаралып, балалар мен пионерлердің Республикалық слетінде 1991 жылы мамыр айында қабылданды. Бұл құжатта былай жазылған: «Жұлдыз» бағдарламасы сенің жарқын өмір сүруіңе, қиындықтарды жеңуіңе, нағыз достар тауып, бақытты болуыңа көмектеседі. Ең бастысы – өз жұлдызыңның биік шыңына шығу тек өз қолыңда екенін ұмытпа.
Бұл бағдарламаның 4 кезеңі көрсетілген: «Балапан» - 6 – 8 жас; «Балдырған» - 9- 11
жас; Жас ұлан – 12 – 14; Мұрагер – 15 – 18 жас.
Республика мектептерінде «Атамекен», «Жұлдыз» бағдарламаларын жаңа үдемелі талаптарға сәйкес,оқу және тәрбие жұмысының жүйесінде қолдану мектеп басшылары, мұғалімдер, балалар мен пионерлер ұйымдары және ата – аналар арасындағы педагогикалық ынтымақтастықтың басты демократиялық және өзін – өзі басқару принциптеріне негізделген.
Балалардың қоғамдық бірлестігігі - ең алдымен ұйымдастырушы, өзін-өзі басқарушы, балалардың сұранысын, қажеттілігін, мұқтаждарын бейнелейтін белгілі бір мақсатқа жету үшін қатысушылардың көтерген бастамалары мен қалаулары бойынша құрылған қауымдастық.Балалардың әлеуметтік бағыттағы қоғамдық бірлестігі - ашық, демократиялы, қатал «қызметтік иерархиясыз» құрылым. Құрамында 18 – ге толмаған 2/3 бөліктен аз емес азаматтары бар ұйым бірлестік деп аталады.Үлкен адамдардың жетекшілігі (міндетті түрде бірлестік мүшелері немесе оған қатысушылар) ерікті, қоғамдық сипатқа ие.
Қазіргі балалар қозғалысының маңызды ерекшеліктерінің бірі – ересек жетекшілерді олардың өздерінің таңдау құқығы.
Балалар бірлестігінің жетекші – көшбасшысы жасына, жынысына, ұлтына, біліміне партияға мүшелігіне қарамай, Ресей Федерациясының балалар құқықтары және заңдары декларациясының шеңберінде кез келген адам бола алады. Балалар бірлестігі мемлекеттік және жеке меншік мекемелердің қоғамдық құрылымдарының тұрғылықты жері бойынша құрыла және қызмет ете алады.
Балалар бірлестіктері бір-бірінен іс-әрекеттерінің мазмұны, қызмет ету ұзақтығы, басқару формалары арқылы ерекшеленеді. Іс-әрекеттің мазмұны бойынша еңбек, өткізілетін бос уақыт, қоғамдық – саяси, діни, патриоттық, танымдық және т.б. балалар бірлестіктері болуы мүмкін. Балалардың еңбек бірлестіктері оларды еңбекке баулуды ұйымдастыру міндеттерін жүзеге асырады. Оларға жеке экономикалық мәселелерді шешу мақсатында балалардың біріккен іс-әрекеті үшін құрылған оқушылар кооперативі мысал бола алады.
Бос уақыт өткізетін, қоғамдық – саяси, патриоттық және т.б. бірлестіктер балалардың қабілеттері мен бейімділіктерін дамыту мәселелерімен және қарым-қатынас жасау, өзін-өзі көрсету, өзін-өзі таныту үшін мүмкіндіктер жасау мәселесімен айналысады. Соған байланысты бұл ұжымдарға өз еріктерімен кіреді.
Қызмет ету ұзақтығына қарай белгілі бір қосымша білім мектебі, мекемесі базасында балалардың тұрғылықты жеріндегі қоғамдық бірлестіктер тұрақты жұмыс істеуі мүмкін.Балалардың типтік уақытша бірлестіктеріне, балалардың жаздық орталықтары, туристік топтары және т.б. жатады. Кей мәселелерді шешу үшін көп уақытты талап етпейтін бірлестіктер де жатады (көмек акциялары, слеттерге және т.б. қатысушылар).
Басқару сипатына қарай балалардың қоғамдық бірлестіктерінің ішінен формальды емес балалар бірлестігін, клубтық бірлестіктерді, балалар ұйымдарын бөліп көрсетуге болады.
Мектептерде педагогтар, жетекшілер, кейде балалардың өзі, олардың ата – аналары көтереді. Бастама көтеруші педагогтар – балалар бірлестігінің ерікті кураторлары, жетекшілері, лидерлері және олардың белсенді қатысушылары. Осындай педагогтардың және белсенді оқушылардың топтары жаңа идеялардың генераторы болады. Қазіргі уақытта мектептердің тәрбие жүйесіне етене енген қоғамдық балалар құрылымдары (ұйымдар, клубтар, кеңестер, одақтар, балалар парламенттері және т.б.) құрылуда.
Мектептің тәрбие жүйесінде балалардың қоғамдық құрылымы:
оқушылардың өздерін - өздері басқаруларының әрқилы формалары, органдары (жоғары сынып оқушыларының кеңестері, мектеп комитеті, думалар және т.б.);
мектеп (оқушылар) ұйымдары;
қосымша білім беру жүйесінде жұмыс істейтін балалардың қоғамдық бірлестіктері, ұйымдары;
ұжымдық шығармашылық істері, ойындар, спорттық, туристік – өлкетанушылық жарыстарды дайындау және өткізу бойынша кеңестер, штабтар сияқты уақытша балалар бірлестіктері;
балалардың өз бетінше жұмыс істейтін бағдарлы бірлестіктері (нақты сала бойынша білімді кеңейту, тереңдету) арқылы көрініс береді.
Осындай балалар бірлестіктерінің әрқайсысының мектептің тәрбие жүйесіне ықпал ету ерекшеліктері мен тәсілдері бар. Мектептің тәрбие жүйесінде оқушылар ұйымдарының алатын орны ерекше. Олар мемлекет анықтаған мектептің негізгі міндеттерін шешетін педагогикалық ұжымның одақтастары, оқушының құқығын қорғаушылар, педагогтармен бірге өткізілетін мектептік олимпиадалардың, конкурстардың, байқаулардың, шығармашылық көрмелердің, пәндік апталықтардың белсенділері. Олардың іс-әрекеттерінің негізгі объектілері - мектеп, оқушы, «мұғалім - оқушы», оқу іс-әрекеті. Оқушы іс- әрекеттерінің мектептегі рөлі мен орны, оның оқушылар, педагогтар, ата-аналар алдындағы беделі – мектептегі тәрбие жүйесі нәтижесінің көрсеткіші.
Мектеп пен балалар қоғамдық құрылымының өзара әрекеттестігінің негізгі мағынасы
мақсаты мен нәтижесі бала.
Ұжымдық шығармашылық (И.Т.Иванов) істің мәні – әрбір және барлық балаларды әржақты дамыту және қалыптастыру, әлеуметтік өмірге олардың белсенді және мейірімділікпен қызмет етуі.
ҰШІ мына кезеңдері:
Ұжымның алдан- ала істелетін жұмыстары әңгімеден басталады. Онда шешуге тиісті мәселелер ұсынылады, талқыналады, қай жерде қанша уақыт істейді т.б.
ҰШІ жоспарлау жалпы жиналыстарда талқыланады. Әрбір ұжым мүшесі өз пікірін айтып, жоспарда көрсетілген мәселелерге байланысты сұрақтар қойып, ұсыныстарын кіргізеді.
ҰШІ анықтау және дәлелдеу. Жасалған іс жобасын талқылайды, жұмысты бастауға кіріседі.
ҰШІ өткізу. Дайындық қорытындысын шығару.
ҰШІ аяқтау.Қорытындысын шығару. Не жақсы болды? Себебі не? Келешекте нені ұсынамыз?
Ұжымдық іске қорытынды жасалғаннан кейін арнайы жиында айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру, келешекте іс әрекеттердің мақсатын, мазмұнын және бағыттарын белгілеу.
Достарыңызбен бөлісу: |