Дәріс №1. Тәрбие үдерісі тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі



бет35/42
Дата25.03.2022
өлшемі411,32 Kb.
#28757
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42
Байланысты:
ТМВР дарис

Отбасындағы тәрбие – қажетті нәтижеге жету мақсатындағы ата – аналар және отбасының басқа да мүшелерінің балаларға әсер етуінің жалпы аталуы.

Өзін-өзі бағалау - өзін-өзі білу арқылы өзіне баға беретін өзіндік сананың құрамдас бөлігі.

Өзін-өзі тәрбиелеу - саналы түрде қойылған мақсатқа сәйкес адамның тұлға ретінде қалыптасуы.

Тәртіптілік – адамдардың қоғамдық ортада белгілі бір тәртіп жүйесін сақтауын және олардың игеруге міндетті нормаларды (құқықтық, моральдық, саяси–этностық) берік сақтауын талап ететін жүйе.

Ата–аналар жиналысы – класс жетекшісінің ата–аналармен жұмысының негізгі формасы.
Әдебиеттер:

  1. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: Оқу құралы. -Алматы: Дарын, 2004.

  2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика: Оқу құралы. – Алматы, 2004.

  3. Губашева С., Отарбай А. Тәрбие жұмысының әдістемесі. Оқулық. – Астана, 2011.

  4. Набуова Р. Тәрбие жұмысының әдістемесі: Оқу құралы. .- Алматы, 2015.

  5. Сластенин В.А. Методика воспитательной работы. – учебное пособие, Москва,2008.

  6. Сергеева В.П. Технология деятельности классного руководителя в воспитательной системе школы. – М.: Изд.: Перспектива, 2008.

Отбасы баланың тұлғалық негізі қаланатын өмір сүру және даму ортасы. Отбасы баланың жас кезеңінде шешуші рол атқарады:



    • баланың физикалық және эмоционалдық дамуын ретке келтіру;

    • баланың жыныстық дамуына психологиялық ықпал ету;

    • баланың ақыл - ойының дамуына ықпал ету;

    • баланы әлеуметтік нормалармен таныстыру;

    • құндылық - бағдарды қалыптастыру;

    • әлеуметтік қорғау.

Осы қызметтердің жүзеге асырылуына отбасы мүшелерінің әртүрлі ұрпақтарына тән отбасылық қарым - қатынастың климат, отбасылық өмірдің реті (отбасындағы бір – біріне деген талаптарының деңгейі), іс - әрекет мазмұны да мүмкіндік жасайды.

Қазіргі таңда бала психикасына жағымсыз әсер ететін көптеген отбасының материалдық деңгейінің төмендеуі, толымсыз немесе бір ғана баласы бар отбасылардың көбеюі көрініс беріп отыр. Соған байланысты қазіргі қиын жағдайда отбасына мектеп тарапынан көмек талап етіледі. Тек педагогтар мен ата –аналар бірлесіп жұмыстар жүргізгенде ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуге болады.

Отбасы – тұтас қоғамдық организмнің бөлігі, әлеуметтік тәрбие беретін ұжым. Отбасы тәрбиесінің мазмұны демократиялық қоғамның басты мақсатымен анықталады, яғни жан – жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Оның құрамдас компоненттері – денелік, адамгершілік, ақыл – ой, эстетикалық және еңбек тәрбиесі.

В.А.Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып: «Тек ата – аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», дейді.

Отбасымен байланыс орнатудың бірқатар психологиялық – педагогикалық ерекшеліктері бар.

Бірінші ереже: Мектеп пен сынып жетекшісінің отбасымен және жұртшылықпен жүргізетін жұмысының негізі ата - аналардың беделін көтеру және нығайтуға бағытталуы тиіс. Сынып жетекшісінің ақыл үйретушілік, көсемдік сөз саптауы өкпе, реніш, ыңғайсыздыққа негіз болады. «Міндетті», «Қажетті» деген үзілді - кесілді сөздерден соң ата - ананың ақыл кеңес сұрауға деген ынтасы жоғалады. Ата - аналардың көпшілігі өз міндеттерін жақсы түсінеді, бірақ тәрбие практикасында өз білгенін көңілдегідей қолдана алмауы мүмкін. Сондықтан оларға не істеу керек екендігімен бірге қалай істеу керектілігін білу де маңызды. Осындай жағдайда бала тәрбиесін қадағалау, тәжірибе алмасу,ақыл кеңес, бірлесе шешім қабылдау сияқты екі жақты да қанағаттандыратын формаға ауысады. Мұғалім мен ата - ананың арасындағы бірден - бір дұрыс норма - ол бірін - бірі құрметтеу. Сынып жетекшісі жұмыс әдістері мен түрлерін таңдағанда баланың көз алдында ата - аналардың беделін көтеру және нығайтуды басшылыққа алуы тиіс.

Екінші ереже. Ата-ананың тәрбиелік мүмкіндіктеріне сенім арту, олардың педагогикалық мәдениетінің деңгейін көтеру тәрбиелік белсенділігін арттыру.

Үшінші ереже. Отбасының өміріне орынсыз араласуға жол бермейтін педагогикалық әдеп. Жақсы сынып жетекшісі отбасы үшін бөтен емес, қайта ата - аналар одан көмек күтіп сеніп, сыр айтады, ақылдасады.Ол отбасы туралы барлық білімін ата - аналардың тәрбие ісіне көмектесуге, ізгі ниетті орнықтыруға жұмсауы керек.

Төртінші ереже. Тәрбие мәселелерін шешуге өмірге құштар, көтеріңкі көңіл - күйді басшылыққа алу, жеке тұлғаның табысты дамуына бағыт ұстау, баланың жағымды қасиеттеріне, отбасы тәрбиесінің күшті жақтарына сүйену.

Оқушы отбасымен байланыс орнату мұғалімнің ең басты міндеті. Ондағы мақсат: отбасының, оның мүшелерінің өзара қарым- қатынасы мәдениет деңгейін, отбасының жеке

басқа ықпалын, ата-ананың педагогикалық білім дәрежесінің жай - күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді.

Ата- аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:



  1. Ата - аналармен тұрақты байланыс орнату. Ондағы мақсат: отбасының, оның мүшелерінің өзара қарым - қатынасы мәдениет деңгейін, отбасының жеке басқа ықпалын, ата - ананың педагогикалық білім дәрежесінің жай - күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді.

  2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.Ондағы мақсат: өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі - бір мінез - құлық нормаларын балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамасыз ету. Пән мұғалімдері мен ата - аналарды ортақ іске ұйымдастыру.

  3. Ата-аналар ұжымын құру. Ата-аналар комитетін, оның жұмыс жоспарын жасау, оларды мектептегі қоғамдық жұмысқа қатыстыру, атқарылатын істерге талдау жасап отыру т.б. жұмыстарды міндеттейді.

  4. Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру (баспасөз бетерінде, радио, көгілдір экран арқылы, педагогикалық білімдер жетілдіру университеттерінде, лекторияларда, семинарлардла, ғылыми практикалық конференцияларда, ата-аналар жиналыстарында педагогикалық білімді насихаттау).

Ата-аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі:

  1. Ата-аналарды сыныптағы оқу - тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру. Сынып жетекшісі ата-аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық көзқарасын баяндайды. Тәрбие жоспарымен таныстырады. Ата-аналармен бірлесіп оны жүзеге асырудың жолдарын қарастырады.Осы отырысқа сол сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері шақырылады. Олар өздері жүргізетін пәндердің ерекшеліктері, мазмұны мен әдістемесі және оқушылардың үй тапсырмасын орындау жұмыстарына қатысты мәселелермен ата - аналарды таныстырады.

  2. Ата-аналармен педагогикалық - психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.

  3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру.

    • сабақтан тыс әр түрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру (мәдени жорық, саяхат, кеш, спорттық жарыстар, т.с.с.)

    • жалпы мектеп көлемінде өткізілетін дәстүрлі шараларға қатыстыру (мектеп бітірушілермен кездесу, соңғы қоңырау, жаңа жыл шыршасы, халықаралық әйелдер мейрамы, наурыз т.б.

    • балалардың сабақтарына, олимпиада, кештерге, апталықтарға, ата - аналардың ашық есік күніне т.с.с.

    • мектептің кәсіптік бағдар беру жұмыстарына қатысу (еңбек адамдарымен кездесу, өндіріске саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары);

    • өздерінің мамандықтарына сай факультативтік және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру.

    • мектептің және сыныптың жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыруға қатысу, кітапхана қорын молайтуға, көрмелер ұйымдастыруға, матералдық көмек беруге т.с.с.

  1. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата - аналарға педагогикалық – психологиялық кеңес

беру.

  1. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық

ұйымдармен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі.

Сынып жетекшісінің ата - аналармен жүргізетін жұмысының формалары мен әдістері Сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің, ата-аналармен жеке кездесуі мектеп өміріне

дәстүрге айналған. Оқушылардың отбасына бару, ата-аналарды мектепке шақыру арқылы сынып жетекшілері олармен кездеседі. Ата-аналармен әңгімелесудің барысында баланың мінез-құлқы, ынтасы мен қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігі, отбасы мүшелерімен, жолдастырымен қарым-қатынас жайлы түсінік алады.

Ата-аналарды мектепке шақырып сөйлесудің де маңызы өте зор.

Ата-аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырып өткізуге ата–аналар комитеті мен ата-аналар- белсенділері және мектеп басшылары сынып жетекшілерімен бірдей жауап береді. Ата- аналар жиналыстарында оқу-тәрбие жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізгі жолдары белгіленеді. Кейбір ата-аналар отбасылық тәрбие жайлы есеп береді. Жиналыстарда сынып жетекшілері ата-аналарды сынып ұжымының оқу-тәрбие жоспарымен, ал мектеп басшылары оқушылар және ата- аналар комитетінің іс-жоспарларымен таныстырады.

Педагогикалық білімдер университеті – ата - аналарға педагогикалық, психологиялық білім берудің формасы. Ол ата-аналардың педагогикалық мәдениет негіздерімен, жас ерекшеліктеріне байланысты тәрбие мәселелерімен танысуға, мектеп, қоғамдық орындармен байланыс орнатуға, тәрбие жұмысында бірлесе әрекет етуге үйретеді. Университет бағдарламасын педагог құрастырады. Университеттегі сабақты ұйымдастыру формасы әртүрлі баяндама, әңгіме, конференция т.б.

Баяндама – тәрбиенің кейбір мәселелерінің негізін анықтауға арналған педагогикалық, технологиялық білім беру формасы. Баяндамадағы басты мақсат – тәрбие құбылыстарына, жағдаяттарға ғылыми талдау.

Практикум – балаларды тәрбиелеу, педагогикалық жағдаятты тиімді шешу бойынша ата-аналарда педагогикалық біліктердің қалыптасу формасы, ата – ана тәрбиешінің педагогикалық ойлауын жаттықтыру. Педагогикалық практикум барысында мұғалім қандай да болмасын жағдаяттағы өзінің ұстанған бағытын түсіндіреді.

Ашық сабақтар. Ата - аналарды пәннің жаңа бағдарламаларымен, мұғалім талабымен таныстыру үшін ұйымдастырылады. Ата - аналарға тоқсанына 1-2 рет ашық сабақтарға қатысуға мүмкіндік берілуі керек. Бұл ата - аналардың бүгінгі мектептегі оқу іс –әрекетінің бүкіл қиындықтарын және өзіндік ерекшеліктерін білмеуінен туындайтын қарама - қайшылықтан құтылуға мүмкіндік береді.

Ашық есік күндері немесе ата – аналар күні үлкен дайындықты талап етеді. Әдетте оны тоқсанның басында, немесе каникул күндерінде өткізген тиімді. Бұл күнге мектеп арнайы тақырыпқа сай безендіріледі, кезекшілік ұйымдастырылып, мерекелік бағдарлама түзеледі. Мәжіліс залында 1 - 11 сынып оқушыларының концерті ұйымдастырылады. Бастауыш сынып оқушылары кәдесыйлар дайындап ата -аналарға тарту етеді.

Педагогикалық пікірталас педагогикалық мәдениетті көтерудің ең қызықты формасы. Пікірталастың маңызды ерекшелігі, қойылған мәселені талқылауға, барлығының қатысуына мүмкіндік береді. Пікірталастың табыстылығы оның әзірлік деңгейіне байланысты. Пікірталастың маңызды бөлімі – талқы. Пікірталастың негізгі принципі кез келген пікірталасқа қатысушының көзқарасын сыйлау.

Ата - аналармен өткізілетін конференциялар. Белгілі бір тақырыпқа орай ата - аналардың және мұғалімдердің дайындалуымен өткізіледі.

Тақырыбы «Балаларды еңбекке тәрбиелеу», «Жақсылыққа апарар ең төте жол - имандылық арқылы» т.б.

Педагогикалық консультация – дербес жұмыстың кең тараған түрі. Консультацияның негізі - ата аналардың сұрақтарына жауап беру. Педагогикалық – психологиялық тұрғыдан алып қарағанда консультация ата – ананың бастамасына мұғалімнің қалауы, отбасына көмек көрсетуге дайын болу, ата-аналарды мазалаған сұрақтарға нақты ақыл кеңес сипатында болуы тиіс.

Рөлдік ойындар – қатысушылардың педагогикалық біліктерінің қалыптасу деңгейін зерделеу бойынша ұжымдық шығармашылықты іс - әрекет формасы.

Рөлдік ойындарға мынадай тақырыптарды келтіруге болады: «Бала мектептен келді»,

«Отбасылық кеңес» және т.б.

Отбасыларына бару – сынып жетекшісінің ата - анамен жеке жұмыс жүргізуінің тиімді формасы. Отбасына барғанда сынып жетекшісі оқушының өмір сүру жағдайымен танысады.Ата - аналармен баланың мінезі, қызығушылығы, бейімділігі, ата – анаға және

мектепке деген қарым - қатынасы жөнінде әңгімелеседі, оларды балаларының жетістіктері жөнінде хабардар етеді, үй тапсырмасын орындауды ұйымдастыру бойынша кеңестер береді және т.б.

Ата - аналармен хат алмасу – ата - аналарға олардың балаларының жетістіктері туралы жазбаша ақпарат беру формасы. Бұл жағдайда ата - аналарды алда бірігіп атқарылатын іс – әрекеттерге тартуға, мерекелерімен құттықтауға және оларға бала тәрбиесі бойынша ақыл - кеңестер беруге болады. Мұндай хат алысудың басты шарты - көңілді де жақсы қарым - қатынас жасау.

Сынып жетекшісінің ата - аналармен жұмысы оларды оқу - тәрбие үрдісіне тарту. Олар әртүрлі үйірмелерді, спорттық секцияларды ұйымдастыру, клубтардың жиналыстарына қатысу.

Ата-аналар мектепке әлеуметтік тапсырыс берушілер, сондықтан олар өзін - өзі басқару органдарын құра алады және мектептің кейбір мәселелерін өз беттерінше шеше алады. Олар мектептік ата - аналар жиналысы, конференциялар, ата - аналар комитеті және оның комиссиясы, секциялар және де басқа да жұмысшы органдар болуы мүмкін. Сонымен бірге ата - аналар мектеп кеңесінің толық құқылы мүшесі бола алады. Сынып жетекшісінің барынша белсенді ата - аналардан құрылған топпен жұмыс жүргізу формаларының бірі – сыныптық ата - аналар комитеті. Ата - аналар комитеті мектептің ата - аналар комитетінің ережесі негізінде жұмыс істейді. Ол сынып жетекшісінің жетекшілігімен педагогикалық білім беру, ата - аналармен тығыз байланыс жасау, сынып балаларына тәрбиелік көмек көрсету бойынша біріккен жұмыстар жүргізеді, мектеп пен отбасының ынтымақтастығы негізінде атқарылған жұмыстарды талдап, бағалап және қорытындылайды.

Белсенді ата-аналар, сынып жетекшісінің көмекшілері ата - аналар кеңесіне кіреді. Бұл тәрбиелеу мәселелерін шешу үшін мектеп пен отбасының күшін біріктіретін барлық ата - аналармен жүргізілетін жұмыстарды үйлестіретін штаб.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет