Дәріс №1. Тәрбие үдерісі тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі


Педагогикалық технологияны жүзеге асыру шарттары



бет12/42
Дата25.03.2022
өлшемі411,32 Kb.
#28757
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42

Педагогикалық технологияны жүзеге асыру шарттары

Тәрбиелеу технологиясын түзу барысында тұлғаның өз әрекеттері мен оның жеке басының қасиет – сапаларын жан – жақты талдау басты назарда болады. Талдау барысында, педагогикалық іс-әрекетте кестеде көрсетілген жағдайлардың барлығы көрініс беретіндігі айқындалады. Егер технология іс - жүзінде толық атқарылмаса немесе оның тиімділігі төмендесе, қандай компонент жеткіліксіз деңгейде іске асырылғаны талдау барысында анықталады. Ережелерді кез келген педагог жүзеге асыруы мүмкін, бірақ балаға деген үнемі сыйластық қарым - қатынас жасау шарттарын сақтау қиын, өйткені, мұнда педагогтың ішкі дүниетанымдық бағыттары бейнеленген. Егер жоғарыда көрсетілгендер талаптар бала бойынан толық көрініс беретін болса, онда бұл технологияның тиімді болғаны. Н.Е. Щуркованың «Педагогикалық технология» деген еңбегінде бұл мәселелер кеңінен сипатталған.

Педагогикалық үдеріске жылдам бақылау жасау мен оған дер кезінде түзету жасауға қатысты тәрбиелеу технологиясының ерекшеліктеріне тоқталайық. Тәрбиеленуші тұлғасына вариативті әсер ететін тәрбиелік ықпалдың күрделілігі мен бірізділігі; фактілердің әр қилылығы оқыту технологиясындағыдай толық бақылау жасауды және кері байланысты нақты орнатуды жүзеге асыруға мүмкіндік бере бермейді. Тамаша технологиямен тәрбиеленгеннің өзінде күтілетін нәтиже қандай болады, оны да болжау қиын.Сондықтан оқушының жеке тұлғалық сапаларының дамуы жөніндегі мәліметтерді психологиялық – педагогикалық диагностика нәтижелері арқылы көруге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет