Дәріс №10 Тақырыбы: Қызба. Терморегуляцияның патологиясы



бет4/5
Дата15.06.2023
өлшемі51,5 Kb.
#101657
1   2   3   4   5
Лихорадканың түрлері:


1/ Тұрақты лихорадка. Температураның тәуліктік ауытқуы 10 С-ден аспайды.
2/ Ремиттивті лихорадка. Температураның тәуліктік ауытқуы 1,0-2,00С ден
аспайды.
3/ Интермиттивті лихорадка. Температураның тәуліктік ауытқуында үлкен
айырмашылық болады. Ертеңгі температура қалыпта немесе қалыптан төмен
болуы мүмкін.
4/ Гектикалық лихорадка. Температураның тәуліктік ауытқуы 3,0-50С.
5/ Қайтпалы лихорадка. Бірнеше тәулік бойы температура жоғары көтеріледі,
арасында қысқа уақытқа қалыпқа келеді.
Лихорадка кезінде ұлпалардағы тотығу процесстері артып, ағзаның оттегіге қажеттілігі ұлғаяды. Гликогеннің ыдырауы күшейіп, гипергликемия дамиды. Белоктың синтезі әлсіреп, ыдырауы артады. Температураның жоғарылаған, салыстырмалы тұрақты кезеңінде әлсіздік, бас ауыру, қоршаған ортаға салқындық белгілері байқалады. Температура бірден жоғарылағанда қалтырау болады. Теріқұрғақ, солғын түсті. Ауруды шөл қысады, жүрек соғысы жиілейді, қан қысымы жоғарылайды, тыныс алу жиілейді, тәбет төмендеп, с қорыту жолдарының қызметі бұзылады. Лихорадканың терморегуляциядан айырмашылығы, қоршаған ортаның температурасына қарамастан дамиды.
Қызбаның даму жолдарында пирогендік заттар маңызды орын алады. Олар экзогендік және эндогендік (лейкоциттік) болып екіге бөлінеді. Экзогендік пирогендер деп микробтардың тіршілігінен немесе олардың ыдырауынан пайда болатын заттарды айтады.
Қызба дамуында жоғарыда келтірілген пирогендермен бірге организмнің даралық реактивтілігі мен иммундық жүйесінің маңызы үлкен. Кейбір аурулар кездерінде температураның көтерілмеуі, ал кейде тым қатты көтерілуі мүмкін. Мысалы, қарттарда және қатты жүдеген адамдарда крупозды пневмония қызбасыз және ауыр түрде өтеді. Бұл организмнің жалпы тезімділігі төмендеуімен, энергия түзуге қажетті заттардың жеткіліксіздігімен, зат алмасу қарқынының төмендеуімен және эндогендік пирогендердің түзілуі бүзылуына байланысты. Қызба дамуында пирогендерден басқа заттардың да, әсіресе гормондардың, маңызы үлкен. Тиреотоксикоз кезінде жүқпалы аурулар тым қатты ет ысуымен қабаттасады. Гипотиреоз кезінде қызба сирек дамиды. Глюкокортикоидтар ет ысуын азайтады.
Дене қызымының бір деңгейде ұсталып тұруы денеде орталық нерв жүйесінің әрекеттерімен қадағаланатын жылу өндіру мен оны сыртқа шығару процестерінің тепе-теңдігімен қамтамасыз етіледі.
Жылу өндіру мен оны сыртқа шығару орталықтары алдыңғы және артқы гипоталамуста бөлек орналасқанына қарамай, олар өзара тығыз байланыста болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет