Дәріс №10 Тақырыбы: Қызба. Терморегуляцияның патологиясы


Қызба мен асқын қызынудың айырмашылығы



бет5/5
Дата15.06.2023
өлшемі51,5 Kb.
#101657
1   2   3   4   5
Байланысты:
№ 10 Қызба

Қызба мен асқын қызынудың айырмашылығы 
Қызба мен гипертермия кездеріндегі темрератураның көтерілуі жолдары мен себептері әртүрлі. Гипертермияның негізгі себебі сыртқы орта температурасының жоғары көтерілуінен болады. Ол ыстық өндірістерде істейтін жұмысшыларда, ыстық климаты бар аймақтардың тұрғындарында т.б. жағдайларда байқалады. Бұл кезде сыртқы ортада температура көтерілуіне организмнің компенсациялық механизмдері белгілі уақытқа дейін қарсы тұрады. Терінің қан тамырлары кеңиді, тыныс алу және жүрек соғысы жиілейді. Артынан бұл компенсациялық механизмдер жеткіліксіз болып, дене қызымы еөтеріледі, гипертермия дамиды.
Қызба кезінде термореттеу механизмдерінің дене қызымын көтеруге бағытталған., ал гипертермия кезінде термореттеу механизмдері оған қарсы тұрады. Дене температурасының көтерілуі кезінде пирогендердің қатысымен болпды, ал гипертермия кезінде олардың маңызы болмайды. Кейде гипертермияны зат алмасуларын арттыратын дәрі-дәрмектердің көмегімен алуға болады.  
Қызба кезінде ағзалар мен жүйелердің өзгерістері 
Қызба белгілі бір дерттер кездерінде болатындықтан ағзалар мен жүйелердегі өзгерістер сол аурудың патогенезіне және ет ысуына байланысты болуы мүмкін. Қызба кезінде ең айқын өзгерістер қан айналым жүйесінде байқалады. Дене қызымының 10С-қа көтерілуі, тамыр соғуының минөтіне 8-10-ға жиілеуімен сипатталады. Жүрек соғуы жиілеудің нәтижесінде қанның соғыстық және минөттік көлемі үлкейеді. Ет ысуының бірінші сатысында артериялық қан қысымы көтеріледі, терінің қан тамырлары жиырылады, ішкі ағзалардың тамырлары, керісінше, кеңиді. Үшінші сатысында дене температурасы күрт төмендеуінен артериялардың тонусы қатты азайып, қан тамырлары қызметінің тез дамитын жеткіліксіщдігі байқалуы мүмкін.
Кейде дене қызымы көтерілуіне қарамай тахикардия дамымайды. Мысалы, іш сүзегі немесе соқпа сүзек кездерінде брадикардия дамуы ықтимал. Ол көрсетілген микробтардың уыттарымен организмнің уыттануына байланысты.
Тыныс алу қызбаның бірінші сатысында біршама сирейді. Ары қарай дене қызымы үлкен деңгейге жеткен соң, тыныс кейде 2-3 есе жиілейді. Қызба кезінде ас қорту жүйесінде айқын өзгерімтер пайда болады, сілекей бөлінуі азаяды (ауыз қуысы құрғақтанып, тілде таңдақтар пайда болады), асқазан сөлінің бөлінуі мен оның қышқылдығы төмендейді, ішек-қарынның қимылдық әрекеттері әлсірейді.
Қызба эндокриндік жүйенің өзгерістерімен сипатталады. Бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабаты глюкортикоидтық гамондарды артық түзеді. Жұқпалы аурулар кездерінде ет ысуы қадқанша бездің гармондарының көп түзілуіне әкеледі. Осыдан негізгі алмасу көтеріледі.
Орталық нерв жүйесінде бас ауыруы, шаршау сезімі, ұйқы басу немесе көз ілінбеу т.б. белгілер пайда болады. Жұқпалы аурулар кезінде, әсіресе жас балаларда, бұл құбылыстар өте ауыр түрде өтуі мүмкін. Кейде бұл құбылыстар дене қызымының тіпті орташа көтерілуінде де болуы мүмкін.
Қызба кезінде зат алмасу үрдістерінің барлық түрлері бұзылады. Ең алдымен көмірсуларының алмасуы бұзылады. Бауырда, бұлшық еттерде гликогеннің мөлшері азайып, қанда гипергликемия дамиды. Артынан көмірсуларының организмде қоры азаюына байланысты майлардың пайдаланылуы артады. Май қышқылдарының тотығуы аяғына дейін жүрмей, аралық өнімдері жиналып қалады, олар несеппен сыртқа шығарыла бастайды. Егер еті ысыған адамға жеңіл қорытылатын көмірсулардан жеткілікті мөлшерде жіберсе, онда май алмасуының бұзылыстары қалпына келеді. Сондықтан дене қызуы көтерілген адамдар, әсіресе балалар, тәтті сусындарды көп ішулері керек.
Көптеген жұқпалы ауруларкездерінде нәруыздардың алмасулары бұзылады. Бұл кезде теріс азоттық балас дамиды. Зәрде мочевинаның деңгейі көтеріледі. Бұл тіндердің ыдырауын көрсетеді. Кейде ет ысуы тіндердің ыдырауынсыз-ақ өтуі мүмкін. Мысалы, грипп, ангина, кейбір жұқпалы аурулар. Ал кейбір жұқпалы аурулар ет ысуынсыз-ақ тін нәруыздарының артық ыдырауына әкелуі ықтимал.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет