Дәріс №11. Ас қорыту мүшелерінің құрылысы, қызметі Асқорыту мүшелері



бет4/4
Дата16.10.2023
өлшемі278,96 Kb.
#116577
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
file-9257 (5)

Тоқ ішекте астың қорытылуы
Астың қорытылуы мен сіңуі негізінен аш ішекте аяқталады. Тоқ ішектің бездерінен бөлінетін сөлде ас қорытатын ферменттер өте аз болады. Оның есесіне тоқ ішекте бактериялар көп. Бактериялардың ферменттері күрделі көмірсу - жасунықты (клетчатканы) ыдырата алады. Бактериялар «К» және В12 витаминдерін синтездейді. Асқорыту мүшелерінің басқа бөлімдеріне қарағанда тоқ ішекке түскен ас қалдықтары ұзағырақ сақталады. Ас қалдықтары тоқ ішектің суды қарқынды сіңіруінің нәтижесінде біртіндеп тығыз зат - нәжіске айналады. Тік ішектің төменгі бөлігінде екі сақина тәрізді бұлшыкеттер бар. Осы бұлшықеттердің көмегімен нәжіс сыртқа шығарылады. Астың ауыз қуысынан бастап, жұтқыншақ, өңеш, қарын, аш ішек, тоқ ішекте қорытылу жолы асқазанжолы деп аталады.[1]









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет