1.
Ішкі факторларға жататыны:
− басшылықтың өз уәделерін орындамауы және адамдарға істің нақты жағдайын түсіндіргісі
келмеуі;
− шикізат пен материалдарды жеткізудің үнемі тоқтап қа- луынан өндіріс режимінің бұзылуы;
еңбек ұжымы үшін жақсы табыс табу мүмкіндігінің болмауы;
− қызметкерлердің еңбек жағдайын, тұрмысын және демалы- сын жақсарту туралы заттық
қамқорлықтың көрінетіндей нәти- желерінің болмауы;
− материалдық жағдайлар мен еңбекақыны төлеу қорының әділетсіз бөлінуінен басқарма
қызметкерлері мен жұмысшы- лардың тайталасуы;
− инновациялар мен түбегейлі өзгертулерді жұмысшылар- дың мүдделерін ескерместен енгізу;
− формальды емес көшбасшылардың арандатушылық іс- әрекеті.
2.
Сыртқы факторлар:
− елдегі жағдайдың тұрақсыздығы, әртүрлі саяси топтардың мүдделерінің соқтығысуы;
− алғашқы қажетті заттар мен азық-түлікке өткір тапшы- лықтың туындауы;
− жаңа заң актілерінде әлеуметтік жеңілдіктерге шек қою;
− еңбек ұжымы мүшелерінің мүдделерін құқықтық әлеумет- тік қорғаудың күрт нашарлауы;
− әділ және адал еңбекті қамтамасыз ету, жекелеген азамат- тарды заңсыз байыту.
Дау-дамайға ұласатын ұйымдағы әлеуметтік шиеленістің ұлғаюын дау-дамайлық жағдайды
адекватты шешкен жағдайда жеңуге болады.
Ұйымдағы мүдделердің қатынасы
Ұйымда әртүрі мәртебеге ие адамдар өзінің объективті мүд- делерін және олардың қарама-
қайшылығын сезінуі де, сезінбеуі де мүмкін. Бірақ тек саналы мүдделер жұмысшылардың белсен- ді
әлеуметтік әрекетіне айналады. Бұл сезіну ұйымдағы өзінің өмірлік тәжірибесін өз бетінше жете
ұғыну нәтижесінде, не бол- маса пайда болған мүдделердің қарама-қайшылығын кім ертерек сезінді,
соның түсіндіру жұмыста-ры кезінде, не болмаса ұйым мүшелерінің санасына айла-шарғы жасау
нәтижесінде болады.
Алайда мүдделердің қарама-қайшылығын сезіну автоматты түрде дау-дамайға алып келмейді.
Дау-дамай – бұл қарама-қайшы мүдделердің ашық формасы.
Ұйымдағы дау-дамайлар жеке және ортақ мүдделердің тайталасуы арқылы дамиды. Мүдделердің
қатынасы былайша көрінуі мүмкін:
− толық ұқсастық, яғни мүдделердің бір бағытта болуы;
− мүдделер бағытындағы айырмашылықтар, яғни біреулер- ге пайдалы болған нәрсе,
екіншілеріне сондай шамада пайдалы болмайды;
− мүдделер бағыттылығының қарама-қайшылығы – субъек- тілер өздерінің қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін қарама- қарсы жүруі керек болатын жағдай
Дау-дамай нақты қарама-қайшы объективті мүдделерден де, сондай-ақ оларды қарама-қайшы
елестетуден де туындауы мүмкін. Жасанды негіздегі дау-дамай егер оның қатысушылары мүдделердің
қарама-қайшылықтарын қабылдайтын болса туын- дауы мүмкін.
Дау-дамай типтері және оның қатысушылары. Дау-дамайға талдау жасау кезінде оның негізінде
қандай әрекеттер жатқанын түсіну маңызды. Иррационалды типтегі (аффект, ашу, байбалам және т.с.с.
жағдайында туындайтын) дау-дамай қатысушылары мүмкін болатын ұтыс пен зиянды есепке алмай,
олардың қатынасын ескермей әрекет етеді. Мұндай типке мысал
– стихиялы ереуілдер. Олардың салдары әдетте саналы мүд- делермен сәйкес келмейді, тіпті оған
мүлде қарама-қайшы болуы мүмкін.
Рационалды типтегі дау-дамайларға қатысушылар мүмкін болатын ұтыс пен шығынның, жеңу
мүмкіндіктері мен ұтылып қалудың ара қатынасын ескереді. Мұндай дау-дамай тараптар- дың бірінің
сәттілікке жоғары сенімділігі болған кезде ғана басталады.
Ұйымдағы дау-дамай субъектілері немесе тараптары жеке де, ресми де тұлғалар (мекемелер мен
ұйымдар өкілдері), жекелеген қызметкерлер де, сондай-ақ тұтас топтар да болуы мүмкін.
Тараптардың дау-дамайға қатысу дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін: тікелей қарама-қарсы әрекет
етуден дау-дамай бары- сына жанама әсер етуге дейін. Осыдан шығатыны: 1) негізгі қатысушылар, 2)
қолдаушы топтар, 3) басқа қатысушылар. Не- гізгі қатысушылар – бұл қарама-қарсы әрекет етуші
тараптар. Олардың мүдделері үйлеспейді және әрекеттері бір біріне қарсы бағытталған.
Қолдау топтары – дау-дамай қатысушылары, бірақ екінші дәрежелі рөл ойнаушы. Олар:
− дау-дамай барысына әсер ете алады және өздерінің мүд- делері болады;
− пайдакүнемдік мүдделерінің болмауы және күрес бары- сына әсер етпеуі мүмкін. Бірақ олар
дау-дамайға кездейсоқ тар- тылуы мүмкін немесе өздерінің мақсатына жету үшін басқа адамдарға
айла-шарғы жасауы мүмкін;
− дау-дамайдың дамуына кеңестерімен, көмектерімен не- месе басқа да құралдарымен ықпал етуі
мүмкін;
− дау-дамайды ұйымдастырушы болуы мүмкін, дау-дамай- ды және оның дамуын жоспарлауы
мүмкін. Олар дау-дамайға өз бетінше қатысушы ретінде де болулары мүмкін (мысалы, ереуілшілдер).
Басқа қатысушыларға делдалдар мен судьялар жатады. Бұ- лар қатаң бейтарап тұлғалар. Олар
дау-дамайдың алдын алуға, тоқтатуға немесе шешуге тырысады.
1.
Ішкі дау-дамайлар ұйым (кәсіпорын) ішінде туындайды және қолданыстағы нормативтер мен
келісімдер, яғни, белгілі бір дең- гейде және мүдделі тараптар арасында қабылданған ойын ереже- лері
арқылы шешіледі. Мұндай дау-дамайларға мыналар жатады:
–
жеке тұлғааралық дау-дамай – қызметкерлердің жеке мақ- саттарындағы қайшылықтар.
Мұндай дау-дамайға басшының ав- торитарлы басқару стилі мен кейбір қарамағындағы қызметкер-
лердің бастамашылық пен шығармашылыққа ұмтылуы арасын- дағы дау-дамай мысал ретінде бола
алады.
–
топішілік дау-дамай – бөлімше ішіндегі бәсекелес қызмет- керлер арасында немесе «Бөлім
немесе кәсіпорын иерархиясын- да кім маңыздырақ?» сұрағы бойынша басшылар арасындағы дау-
дамай;
–
топаралық дау-дамай – мысалы, кәсіпорын иеленушілері арасындағы дау-дамай. Егер, меншік
өкімет органдары мен жеке тұлғалар арасында бөлінген болса, бұл жағдай күрделірек болады.
Достарыңызбен бөлісу: |