Дәріс 11. Криптографиялық ішкі жүйелерді іске асырудың әдістері Дәріс мақсаты: санкциясыз (рұқсатсыз) қатынас құру әрекетін айырып тану үшін эксперт жүйелерін пайдалану әдістерін қарастыру.
Антивирустыққорғау Компьютерлiк вирустар - компьютерлiк және ақпараттық даму үрдiсiнде пайда болған өзiнше бiр құбылыс. Бұл құбылыстың мәнi - бағдарлама-вирустардың тiрi ағзалаларға тән туылу, көбею және тiршiлiгiн жою секiлдi қасиеттердi иеленуiнде.
Компьютерге қатысты “вирус” деген терминдi 1984 ж. Фред Коэн ұсынған болатын. Ф. Коэннiң вирусқа берген алғашқы анықтамасы: “Компьютерлiк вирус - өзге бағдарламаларға өзiнiң немесе өзгертiлген көшiрмелерi арқылы өзгерiс енгiзу арқылы жұқтыратын бағдарлама, сондай-ақ, соңғысы әрi қарай көбею мүмкiндiгiн сақтап қалады. ”Вирустардың көрсетiлген қасиеттерi тiрi табиғаттағы биологиялық вирустардың жұқтыру әрекетiне пара-пар.
Әдетте вирус компьютер жүйесiнде неғұрлым табылмай қала беретiндей етiп құрастырылады. Вирустардың алғашқы “ұйықтау” периоды оның өмiр сүру механизмi болып табылады. Вирус мысалға жұма 13-i, белгiлi бiр күнде және т.с.с. шақыру оқиғасы пайда болғанда нақты сәтте әрекет жасайды.
Компьютерлiк вирус өзiн компьютерлiк дискілерге құпия түрде жазуға тырысады. Вирустардың көбiсiнiң әрекетi - вирус өз жұмысын компьютердiң әрбiр жүктемелену кезiнде бастайтындай етiп оның жүйелiк файлдарын өзгерту. Мысалға, жүктемелеу аймақтарын жұқтырушы вирустар тек операциялық жүйе және жiберу файлдарын сақтау үшiн оқшауланған дискета мен қаттыл дискiнiң бөлiгiн жұқтырады. Бұлар компьютердi iске қосқан сайын жадыға жүктемеленiп отыратындықтан, залалды вирустар болып табылады. Мұндай вирустардың көбею мүмкiндiгi жоғары және олар үнемi жаңа дискiлерге тарала алады.
Әдетте вирустар com және exe файлдарға жақын жүредi. Кейбiр вирустар компьютерлiк жүйенi жұқтыру үшiн жүктемелеу аймағын, сондай-ақ файлдарды жұқтыру әдiсiн пайдаланады. Бұл - вирустарды арнайы бағдарламалармен iздеп табу мен айқындауды қиындатып, оның тез таралуына әрекет етедi.
Вирустардың басқа түрлерi де бар. Компьютерлiк вирустар көп түрлi көбейетiндiгiнен және өмiр сүру ортасын бұзатындықтан жүйеге зиян келтiредi.