Дәріс 11. Криптографиялық ішкі жүйелерді іске асырудың әдістері Дәріс мақсаты



бет2/3
Дата17.11.2022
өлшемі43,13 Kb.
#50795
1   2   3
Байланысты:
Дәріс 11

Жүйелiк құрт” глобальды торап бойынша таралып, магниттiк тасуышта өз көшiрмесiн қалдырмайтын бағдарлама-вирустардың бiр түрi. “Құрт” бос ресурстары бар компьютерлердiң торабында дұрыс пайдаланса “құрт” технологиясы пайдаға асуы мүмкiн. Мысалы: World Wide Web Worm “құрт” Web бөлiмдерiн iздеу индексiн қалыптастырады. Бiрақ, “құрт” зиянды бағдарламаға тез айналады.
Зиян келтiрушi бағдарламалардың белгiлiсiнiң бiрi - UNIX жүйесiнiң командалық интерпретаторының кiрме тiлiнде және Си тiлiнде 4000 жолдан тұратын Морристiң “құрт” бағдарламасы.
Бұл бағдарлама VAX және SUN компьютерлерiнде UNIX операциялық жүйесiндегi қателердi пайдалану енгенде жұмыс iстейдi. Жүйелiк “құрт” - зиянды Бағдарламалардың ең қатерлiсi. Себебi олардың жұқтыру объектiсi Internet торабына қосылған миллиондаған компьютердiң кез келгенi болуы мүмкiн.
Троянская конь” (бұл терминдi хакер Дан Эдварс ұсынған) бағдарламалық қыстырманың бiр түрi. Ол өзiнiң iшiндегi жасырын түрдегi қатерiн бiлдiртпей пайдаланушыға бағдарламаны жiберу жағдайын туғызатын алдау әдiсiн пайдаланады. Мұндай бағдарламалар әдетте пайдалы утилиталардың iшiнде байқалмай жүредi. “Троянская конь” бағдарламасының қауiптiлiгi - зиянсыз бағдарламаға қосылған қосымша командалар блогында. Бұл командалар блогы белгiлi бiр шарттың орындалуымен немесе сыртқы команда бойынша өзiнiң қаскүнемдiк жұмысын iстей бастайды.
Вирустарды және басқа зиянды бағдарламаларды жiктеу
Зиянды бағдарламаларды былай жiктестiруге болады:
- қауiптiлiгiнiң дәрежесi бойынша;
- жұқтырылатын объектілер бойынша;
- жұқтыру әдiсi бойынша;
- жүйеде бар болуын жасыру әдiсi бойынша;
- бағдарламалау тiлi бойынша.
Қауiптiлiгiнiң дәрежесi бойынша жiктеу. Зиянды бағдарламаларды қауiптiлiгiнiң дәрежесi бойынша былай бөлуге болады:
- зиянсыз, яғни өзiнде ешқандай бұзатын функцияларды сақтамайды және өзiн тек көбеюмен бiлдiредi;
- қауiпсiз, яғни өзiн хабармен, бейнеәсерiмен және т.с.с. бiлдiредi;
- қауiптi, яғни есептеу жүйенiң жұмысында маңызды жаңылысуылар пайда болады;
- өте қауiптi, яғни файлдарда, жүйелiк аймақтарда, логикалық дискiлерде ақпаратты жоюға жарамды, аппаратураны бұзуға болады.
Жұқтырылатын объектілер бойынша жiктеу. Тарату үшiн пайдаланылатын объектiлер бойынша зиянды бағдарламаларды былай бөлуге болады:
- файлдық вирустар, яғни қандай да бiр тәсiлмен файлдарға қосылатын бағдарламалар;
- жүктелетiн вирустар, яғни өз кодын дискiлердiң жүйелiк аймақтарына жазатын бағдарламалар;
- тораптық вирустар немесе “черви”, яғни есептеу тораптарда қандай да бiр тәсiлмен өз көшiрмелерiн жiберетiн бағдарламалар;
- “троянский конь”, яғни қандай болса да зиянсыз бағдарламаларға астарланған Бағдарламалар; вирус алгоритмдерi бойынша файлдарға, жүйелiк аймақтарға немесе тораптық хабарларға жазылу мүмкiн, бiрақ осындай әрекеттердi жасау үшiн арнайы бағдарлама керек; трояндылықтарда көбеуi мүмкiндiгi жоқ;
- “логикалық бомбалар”, яғни нормалды бағдарламада құрастырушымен бағдарламаланған троялық компонентерi (белгiлi шарт бойынша орындалады, мысалы, винчестердiң 0-шi жолында кiлттiк ақпарат болмағанда).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет