Дәріс 11. Криптографиялық ішкі жүйелерді іске асырудың әдістері Дәріс мақсаты



бет3/3
Дата17.11.2022
өлшемі43,13 Kb.
#50795
1   2   3
Байланысты:
Дәріс 11

Жұқтыру әдiсi бойынша жiктеу.
Әртүрлi зиянды бағдарламалар объектiнің жұқтыру әдiсi бойынша әртүрлi жiктеледi.
Осы параметр бойынша файлдық вирустар былай бөлiнедi:
- вирус-спутниктер, файл атын өзгертiп (әдетте кеңейтуiн өзгертедi) және ескi атын сақтап жаңа файлға өзiн жазып кетедi;
- орнын алатын вирустар, файлдың мазмұнын сақтамай үстiне өзiн жазып кетедi (бұл вирустар өте қауiптi вирустарға жатады);
- жапсыранылатын (пристыковывающиеся) вирустар немесе паразиттық вирустар бағдарламаларға қосылып жазылады, жұмысын бастағанда басқару алдымен вирус кодына берiледi, содан кейiн вирус жұқтырылған бағдарламаның кодын шақырады.
Жүктелетiн вирустар:
- сирек қолданатын секторға жүктеуiш кодын сақтайды және оған басқаруды бередi;
- жүктеуiш кодының орнын алатын вирустар және оның барлық функцияларын өзi орындайды.
Троялықтар:
- дербес, яғни кез келген әдiспен пайдалы бағдарламаларға астарланған бағдарлама;
- жапсыратын (пристыковочные), яғни дроппер-бағдарлама көмегiмен орындалатын файлдарға жазылатын бағдарламалар;
- дәнiктiрiлетiн (приваживаемые), яғни қаскүнем жүйелiк конфигурация файлдарына троялықтарды жандандыру командаларын қосу керек
Жүйеде бар болуын жасыру әдiсi бойынша жiктеу.
Жүйеде бар болуын жасыру әдiсi бойынша вирустарды былай бөлуге болады:
- жүйеде өзінің бар болуын жасырмайтын;
- шифрланатын, яғни кез келген кiлтiмен өзі орындалатын кодын шифлайтын, бiрақ та керi шифрлауыш әрқашанда бiр;
- полиморфты, яғни әрбiр жаңа файлға жұқтыру кезiнде вирус кез келген тәсiл бойынша генерацияланған кiлтiмен шифрланады және керi шифрлауышты өзгертедi;
- “көрiнбейтiн” (“стелс”) вирустар, яғни резиденттi вирустар жүйелiк үзулердi ұстап алады және жүйеде бар болуын жасырады.
Бағдарламалау тiлi бойынша жiктеу. Зиянды бағдарламалар келесi тiлдерде:
- Ассемблер тiлiнде;
- жоғары деңгейдiң тiлiнде;
- ОЖ командалық тiлiнде;
- қолданбалы бағдарламалық кешенiнiң құрамдас тiлiнде/макротiлiнде жазылу мүмкiн.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет