Дәріс 21,22- Конфликтілердің профилактикасы К.Левин *өріс теориясына* сүйене отырып, оның 3-негізгі типтен тұратын кикілжіңнің топтасуын ұсынды.
1."Жақындау-жақындау" кикілжіңі -өзін қызықтыратын бір деңгейдегі екі ұйғарымның бірдей таңдау қажет кездегі адамның жағдайы. 2."Жақындау-алыстау" кикілжіңі -бұл жағдайда индивидтің таңдап алатын мақсаты бірдей мөлшерде қызықтыратын және қызықтырмайтын болып табылады. Бұл жағымды және жағымсыз эмоцияны да тудырады. Мұндағы конфликтіні кейде амбивалентті деп атаймыз.
3."Алыстау-алыстау" кикілжіңі-мұнда индивид өзін қызықтырмайтын бірдей деңгейдегі екі ұйғарымның бірін таңдауы тиіс.
Кикілжіңнің себебі адамдар арасындағы шиеленіскен қатынастар және кикілжіңге қатысушылардың біреуіне тән ішкі шиеленісушілікте болуы мүмкін.
Дәріс 23- Конфликтілерді басқару әдістері Т.Кәкішевтің еңбектерінде,әсіресе дәстүрлі мәдениеттегі шешендік сөздер, белгілі билердің кесімді билік сөздері әрі қысқа кемелі кеңес. Билер жақсы мен жаманды, жақын мен алысты, қымбатпен арзанды, қиын мен жеңілді арға тартады. Мал дауы мен жан дауы, ар дауы мен намыс дауына кесім айтады деп қарастырған/33;5б/. Шиеленісті жағдайларды шешу тәсілдері көбінесе вербальді, вербальды емес әрекеттесу тәсілдерінің жүйесі арқылы қамтылады/
Дәріс 24- Антиконфликтілік мотивациялар З.Фрейдтің шәкірті К.Г.Юнг (1875-1961ж.ж) аналитикалық психология мектебінің негізін салушылардың бірі, ұжымдық санасыздықтың пайда болуы және адам типологиясының мінез-құлқында көрінгендіктен, жеке адамның жүріс-тұрыстық шиеленісі көбінесе осындай жағдайлармен түсіндіріледі. Өзінің еңбектерінің бағытын психобиолгиялық позицияда қорғайды, ол бағыт жалғыз ғана мүмкіндік емес, көптеген аспектілері бар деп қарастырады.
К.Юнгтың айтуынша, психоанализдің негізгі аспектісі балалар психологиясындағы таза гедоникалық көзқарастармен сипатталады. Фрейдтік психологияға сәйкес, яғни психикалық процестерді түсіну қорғаныс ретінде қанағаттану қағидасына бағытталған.
Бір жағынан, автор бұл еңбегінде «ойлаудың мәні мен түсінуді меңгеру жан дүниесінің кикілжіңнің шешуі үшін маңыздылығын қарастырған. Либидоны (жыныстық еліктеу) дұрыс меңгеріп түсіну жолы, дамуы және үнемі либидоның қызмет етуін қамтамасыз етуі мүмкін. Осыған орай, оны түсінбеу балада невроз ауруларының пайда болуына әкеледі деп қарастырған.
Э.Берн бойынша, жеке адам құрылымы үш компоненттен тұрады: бала жай-күйі (эмоциялар, уайымдар, шаттану қайнар көзі); ата-ана (таптаурындарға көңіл бөлу, нанымдар, үйрету) және "үлкендер" (өмірге рационалды және ситуативті қарым-қатынас).
Адамдар өзара қатынастар негізінде трансакцияны қамтамасыз етеді. Егерде трансакция қалыптаспаса, онда шиеленісті қарым-қатынасты туғызбайды. Ал егер қатынаста трансакция пайда болса, онда өзара қатынас процесі бұзылады және конфликт пайда болуы мүмкін.
Шиеленісті шешу тәсілдерін антогонистикалық (күш-көрсету) және компромисс деп бөледі.