Дәріс 1,2- конфликтілер туралы түсініктерге тарихи шолу Жоспары: Конфликт ұғымы


Дәріс 9-Қарым-қатынас жүйелері арасындағы конфликтілер



бет7/15
Дата26.12.2023
өлшемі185 Kb.
#144429
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
Қосымша мат.«Психологиялық-педагогикалық конфликтология негіздері»

Дәріс 9-Қарым-қатынас жүйелері арасындағы конфликтілер
Ғасырлар бойы адамзаттың ұлы ойшылдары кикілжіңсіз қоғамның теориялық үлгілерін құрып, кейде оны жүзеге асыруға тырысқан. Өкінішке орай, барлығы сәтсіздікпен аяқталып, бұл одан да қатыгез тудыра бастады.
Оқыту мен тәрбиелеу процесі басқа да даму процестері секілді қарама-қайшылықтар мен кикілжіңдер тұрады. Мұғалім мен оқушы арасындағы кикілжіңдер қазіргі таңда жағымсыз сипатқа ие болып, шынайылықтың бөлігіне айналған. Психолог М.Рыбаковтың пікірінше, мұғалім мен оқушылар арасында төмендегідей кикілжіңдер орын алады:

  • оқушы үлгерімі мен оқудан тыс тапсырмаларды орындауы бойынша туындаған іс-әрекеттер;

  • мектепте оқушыны ережені бұзуға байланысты туындаған мінез-құлық (қадамдар);

  • оқушылар мен мұғалім эмоционалды-тұлғалық қатынасында туындайтын қатынас. Сонымен қатар кикілжіңдер төмендегідей топтарға бөлінеді:

  1. Іс-әрекет кикілжіңіоқушының оқу тапсырмаларын орындамаудан немесе нашар орындаудан туындайды. Бұл түрлі себептерге байланысты болуы мүмкін: оқу материалын меңгерудегі қиындық, кейде мұғалімнің орынсыз ескертуі.

  2. Мінез-құлық кикілжіңі- мұғалімнің оқушының әрекетін талдауында, түрткілерді анықтамай, асығыс қорытынды жасауында туындайды. Мұғалім оқушылардың әрекеттерін түзету арқылы олардың мінез-құлқын түзетеді.

  3. Қатынас кикілжіңі- педагог проблемалық ситуацияларды дұрыс шеше алмауында туындайды және ол ұзаққа созылады. Бұл конфликтілер мұғалім мен оқушылар арасындағы қатынасты ұзаққа дейін бұзып, олардың бір бірінен алыстауына әкеп соғады.

С.М. Емельянов конфлект субьектілердің өзара бағыттылығы факторы бойынша жіктейді:

  • Өзара-жағымды

  • Өзара-жағымсыз

  • Бір жақты жағымды-жағымсыз

  • Бір жақты қарама қайшылықты-жағымды

  • Бір жақты қарама-қайшылықты-жағымсыз

  • Өзарақайшылықты

  • Талғаусыз

О.Н.Громова пікірінше, жағдайлар объективті себеп-салдармен анықталады. Әрімен қарай, автор кикілжіңді жағдайларда қатысушылар кикілжіңнің субъектісі де, объектісі де болуы мүмкін екендігін қарастырады. Шиеленістің субъектісі ретінде қатысушы кикілжіңнің өзара әрекетінің бір бөлігі болуы керек, яғни өзінің жеке қызығушылықтарын қорғауы, ол тек біреудің қызығушылығын реттеу тәсілі болмауы керектігін айтады/6;232б/.
Кикілжіңнің объектісі, яғни әрбір дауласқан жақтары өз жағынан талаптанады, олардың қарама-қарсы әрекеттерін тудыртады да, оған қатысушылардың бірі бірдеңеге ие болуынан толықтай немесе жартылай айырылады. /шешім қабылдау құқығынан т.б./. Билік мәселесінде өзара қарым-қатынас т.б. шиеленістер тудыратын дәл осы қайшылықтардың болмауы.
Кикілжіңдердің саны өте көп болғанымен, тұрақты әсер ету тәсілдерін таңдау мүмкіндіктері және конфликт сәйкес басқарып, оның топтасуын факторларға байланысты жүргізеді.
Кикілжіңді шешу тәсілдерін антогонистикалық (күш-көрсету) және компромисс деп бөледі.

  • Күш көрсету кикілжіңніңде қайшылықтарды шешуде, тек бір жағы ғана жеңіп шығады.

- Компромисс-конфликт қатысушыларды татуластыру мақсатында шиеленісті шешу варианттарының бірнешеуінен құр қалады.
Кикілжіңнің пайда болу табиғатты-саяси әлеуметтік, экономикалық ұйымдастырылған шиеленістермен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет