Дәріс 12. Қазақстан Республикалық мемлекеттік мұрағат құжаттары


Кеңестік мұрағат жүйесінің қалыптасуы



бет3/5
Дата07.05.2023
өлшемі27,05 Kb.
#90817
1   2   3   4   5
Байланысты:
Д ріс 12. аза стан Республикалы мемлекеттік м ра ат жаттары

Кеңестік мұрағат жүйесінің қалыптасуы.

Қазақстанда мұрағат ісі мәселелерімен айналысатын орган ретінде 1919 жылы Орынборда, Халық ағарту комиссариаты қарамағында Бас мұрағат басқармасы құрылды. 
1921 жылдың 5 сәуірінде Қазақ Өлкелік Бас архив үйымдастырылды. Ол 1922 жылдың күзінде Өлкелік орталық архив деп аталды.
Алғашқы республикалық мұрағат – Орталық өлкелік мұрағат құрылды. 1922 жылғы 24-қаңтарда Орталық өлкелік мұрағат туралы ереже бекітілді. Орталық мұрағаттың міндеттері бойынша Қазақстанда Бүкіл Ресейлік Бір архив Фондының болімшесі ашылды. 1925 жылы Орталық Өлкелік мұрағат Қызылордаға көшіп , оның қорына Торғай облыстық мұрағат қоры кірді, бұл қорда 1868 жылға дейінгі материалдар жинақталған болатын. Ал істердін бір бөлігі Орынбор бюросына беріліп; олар Ресейдін орталық мұрағатына түсті.
Тарихи зерттеулердің құжаттық базасы жасалды. Қазан төңкерісі мен Компартия тарихы бойынша материалдарды жиналды және зерттеу шаралары жүрді. Қырғыз облыстық комитеті қарамағында Қазан төңкерісі мен Компартия тарихы бойынша материалдар жиналды және зеррттеумен айналысатын арнайы комиссия (Истпарт) құрылған болатын. 
4. Мұрағат мекемелерінің жұмысының негізгі бағыттары. Тарихи-революциялық маңызға ие түрлі құжаттар жүйеге келтіріліп, оларды Орталық өлкелік мұрағатқа өткізу мәселелері реттелген болатын. Шекаралас облыстар мен республикалардың мұрағаттарында Қазақстан тарихына қатысты сақтаулы құжаттық материалдары жинақталады. 
Орталық мұрағат Қызыл Ордадан Алматыға көшіріледі. ХХ ғасырдың 30-жылдары мұрағаттары басқару органдары қайта ұйымдастырылды. Мұрағат мекемелерінің жүйесін жетілдіру барысында мұрағат бөлімшелерін ұйымдастыру қажеттілігі анықталды.. Қалалық және аудандық мемлекеттік мұрағаттарда мұрағат ісі жолға қойылды.
Мемлекеттік сақтауға жататын Мемлекеттік мұрағаттық қор (ММҚ) құжаттарының санаттарын белгілеу. Қазақстанның тарихына қатысты басқа республикалар мен облыстардың мұратттарында сақтаулы құжаттардың басым бөлігін республиканың мемлекеттік мұрағаттарында шоғырландыру ісінің аяқталуы. Мұрағаттық құжаттарды және істерді сипаттау. Ғылыми-зерттеу мекемелерімен байланысты күшейту. Мұрағаттардың басылымдық қызметі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет