Дәріс 12 Тақырыбы: Реттеудің гормондық механизмдері



бет1/3
Дата02.12.2023
өлшемі6,1 Mb.
#131503
  1   2   3
Байланысты:
КЗБ лекция 12

Дәріс 12 Тақырыбы: Реттеудің гормондық механизмдері

Жүйке жүйесі және эндокриндік жүйе

  • Организмде орталық нерв жүйесi мен эндокриндiк бездер арасында тығыз байланыс бар және екеуiнiң бiртұтас әрекеттерiнiң нәтижесiнде организмдегi түрлi функциялардың ұйлесiмдi қызмет атқарулары қамтамасыз етiледi.
  • Жүйке жүйесі өзінің реттеуші қызметін әрекет потенциалдары арқылы кенет және өте жылдам өзгерістер арқылы орындайды.
  • Эндокриндік жүйедегі жауаптар өте баяу және ұзақ уақыт бойы жүреді.
  • Екі жүйе де әртүрлі заттарды бөліп шығару арқылы жасушааралық байланысты қамтамасыз етеді.
  • Эндокриндік жүйе мен жүйке жүйесі бір-бірімен байланыста.
  • Гипоталамус жүйке жүйесі атынан, ал гипофиз безі эндокриндік жүйе атынан байланысты жүзеге асырады.
  • Дегенмен, гипофиз гипоталамустың бақылауымен жұмыс істейді.

Эндокриндік жүйе ерекшеліктері

  • Эндокриндік және жүйке жүйесі химиялық сигналдар арқылы байланысады.
  • Нейрондар синапста постсинаптикалық нейронға әсер ететін нейротрансмиттерлерді шығарады.
  • Ішкі секреция бездері қанға белгілі бір мақсатты жасушаларға әсер ететін гормондарды шығарады.

Гормондар

  • Гормон гректiң hormon - қоздыру, активтендiру деген сөзiнен алынған.
  • Гормон деген терминдi 1902 жылы ағылшын зерттеушiлерi Бейлисс пен Старлинг енгiзген.
  • Гормондар атқаратын функцияларына сәйкес ерекше құрылысы бар және организмнiң белгiлi бiр клеткалық топтарында ғана түзiлетiн аса күрделi бейорганикалық заттар.
  • Гормондардың негiзгi қызметi — организмнiң жекеленген мүшелерi мен жүйелерiнiң қызметiн реттеу.

Гормондар

  • Гормондар — ішкі секреция безінің қанға бөліп шығаратын және дененің түрлі әрекетін реттейтін биологиялық заттар.
  • Әр гормон белгілі бір мүшеге әсер етеді.
  • Гормондар өте аз мөлшерде бөлінсе де, денеде өте маңызды функцияларды орындайды
  • Жиырма бес жыл бұрын 20-ға жуық гормон белгілі болса, бүгінде 200-ден астам гормон ашылды.
  • Гормондар өздерінің қажетті функцияларын орындағаннан кейін олар жасуша метаболизмі, экскреция немесе бауыр арқылы жойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет