Стероидты гормондарға бүйрекүстi безiнiң қыртысты қабаты мен жыныс бездерiнiң гормондары және сол сияқты плацентаның хориондық гонадотроптық гормоны жатады.
Бұлар — липидтi қасиетi басым, аса күрделi полициклдi қосылыстар.
Аминқышқылдарының туындыларына қалқанша без бен бүйрекүстi безiнiң милы қабатында түзiлетiн гормондар жатады.
Гормондардың жіктелуі
Организмге әсер етуiнiң сипатына қарай гормондар үш топқа бөлiнедi: метаболиттiк, морфогенездiк және үйлесiмдiк гормондар.
Метаболиттiк гормондар организмдегi зат алмасу процесiнiң активтiлiгiн реттейдi. Мысалы, инсулин, глюкагон, адреналин гормондары көмiрсулар алмасуын реттейдi; соматотропты (өсу гормоны) гормон белоктар түзiлуiн стимулдап, көмiрсу мен майлардың алмасу қарқынын өзгертiп отырады. Тиреоидты гормондар организмдегi энергетикалық процестердi стимулдап, белоктардың, майлар мен көмiрсулардың тотығуларын жақсартады.
Морфогенездiк гормондар клеткалардың генетикалық аппаратына әсер ету арқылы гендердiң синтездiк aктивтiлiгiн өзгертiп, клеткалардың өсуiн, кебеюiн, жiктелуiн реттейдi.
Үйлесiмдi қызмет атқаруға қатысатын гормондар және мүшелер мен жүйелердiң қызмет-әрекетiн өзгертiп, олардың жұмысын өзара сәйкестендiрiп отырады. Мысалы, адреналин жүрекке әсер етiп, оның жиырылу күшi мен жиiлiгiн арттырып, қан айналуын күшейтедi, асқазан жолының қимылын бәсеңдетедi. Демек, гормондардың бұл тобы организм қызметiне әрқилы әсер ете отырып, ондағы процестердi үйлестiредi.
Гормондардың физиологиялық қасиеттері
1. Дистанциялық әсер, яғни олар өздерi түзiлген жерден алшақ орналасқан мүшелердiң қызметiне әсер етедi. Мысалы, гипофиздiң алдыңғы бөлiгiнде түзiлетiн гормондар дененiң әртүрлi бөлiгiнде орналасқан бездерге әсер етiп, олардың қызметiн өзгертедi.
2. Гормондардың арнайы әсерi бар. Соған байланысты белгiлi бiр гормоннның жетiспеушiлiгiн екiншi бiр гормон алмастыра алмайды.
3. Гормондар биологиялық активтi келедi және өте аз мөлшерде бөлiнсе де күштi әсер етедi. Мысалы, 1 грамм инсулин 12000 аса қоянның қанындағы канттың деңгейiн төмендетсе, 1 грамм адреналин 10 млн. бақа жүрегiнiң жиырылу күшiн арттырып, жұмысын жиiлете алады.
4. Гормондар организм қызметiн реттеуде аралық роль атқарады. Бұл ретте басты рольдi нерв жүйесi атқарады, ал, iшкi секреция бездерi көбiне оның әсерiн күшейтедi, не әлсiретедi.
5. Гормондар мүшелер мен жүйелердiң қызметiне ғана емес, олардың құрылымдарына да әсер етедi, яғни, оларда морфологиялық өзгерiстер тудыра алады. Гормондар зат алмасуын активтендiрiп қана қоймай, РНК және басқа да нуклеин қышқылдарының жасалуына тiкелей сер етедi.
6. Гормондар ферменттер қатарына жатпайды, бiрақ, әртүрлi ферменттер арқылы химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер ете алады.