Дәріс №13-14 электрохимиялық талдау әдістері


Қайтымды электродтық процес кезінде ток күшінің



бет4/7
Дата20.12.2023
өлшемі27,52 Kb.
#141256
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дәріс №13-14 электрохимиялық талдау әдістері-engime.org

Қайтымды электродтық процес кезінде ток күшінің I берілген кернеуге Е тәуелділігі полярографиялық толқын теңдеуімен сипатталады:
ПОЛЯРОГРАФИЯЛЫҚ ТОЛҚЫН (ПОЛЯРОГРАММА)
Бұл теңдеу жартылай толқын потенциалының (E1/2) токқа және тотықсызданатын иондардың концентрациясына тәуелсіз екенін көрсетеді. Сонымен, жартылай толқын потенциалы белгілі электролит ерітіндісіндегі ионның сапалық көрсеткіші болып табылады және жартылай толқын потенциалын анықтау полярографияның сапалық талдауының негізін құрайды.
=>
Сандық полярографиялық талдау Илькович теңдеуін қолдануға негізделген, бұл теңдеу диффузиялық токтың (Id) ионның концентрациясымен С байланысын сипаттайды:
мұндағы Z - ион заряды, D - иондардың диффузиялық коэффициенті, m - 1сек ішінде капиллярдан ағып шығатын сынап тамшысының массасы, мг, t - сынап тамшысының түзілуінің уақыты (тамшылау периоды), с - концентрация.
k = const
Полярографиялық талдудың маңызды әдістерінің бірі – амперометриялық титрлеу. Мұнда титрлеудің соңғы нүктесін табу титрлеу барысында диффузиялық шекті ток шамасының өзгерісін анықтауға негізделген. Бұл әдіс индикаторлық электродта тотыға не тотықсыздана алатын заттардың реакциялары үшін кең қолданылады, сондықтан амперометриялық титрлеудің міндетті шарты – реакцияға қатысушылардың біреуінің электрохимиялық белсенділігі.
Амперометриялық титрлеудің сезімталдығы дәстүрлік тура полярографиядан бір шама артық. Титрлеу кезінде дәстүрлі химиялық реакциялар қолданылады:

  • тұнбаға түсу,

  • тотығу-тотықсыздану,

  • комплекс түзу,

  • бейтараптану.


Полярограф универсальный ПУ-1
Полярографтың қолдануы:

  • Химиялық реактивтерде, жартылайөткізгіштерде, құймаларда қоспалардың үлесін анықтау;

  • Фармацевтикалық препарттардың, тағамдардың, ауаның, ауыз сулардың тазалығы мен сапасын анықтау;

  • Биохимиялық зерттеулер жүргізу үшін;

  • Комплексті қосылыстардың химиясында электродтық, абсорбциялық, тотығу-тотықсыздану процестерін зерттеу үшін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет