Дәріс №13-14 электрохимиялық талдау әдістері


Кондуктометрия әдісі электролит ерітінділерінің (ондағы жеке иондардың) концентрацияларын олардың электрөткізгіш-тіктерін өлшеуге негізделген



бет5/7
Дата15.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#139798
1   2   3   4   5   6   7
Кондуктометрия әдісі электролит ерітінділерінің (ондағы жеке иондардың) концентрацияларын олардың электрөткізгіш-тіктерін өлшеуге негізделген.
Кондуктометрияның артықшылығы:
  • Қарапайым және дәл
  • Жылдам және тез орындалады
  • Өлшеу аспаптарының оңай табылуы
  • Оңай автоматтандырылады және қашықтықған жүргізу мүмкіндігімен сипатталады.

  • Тікелей кондуктометрлік анықтаудын қателігі - 1-2 %. Тура кондуктометрия әдісінің кемшілігі – әдістің төмен селективтілігінде.

Ерітіндідегі ион саны электролиттің табиғатына (күшті және әлсіз) және оның концентрациясына тәуелді.
Кондуктометрия әдісінің аналитикалық сигналы - меншікті электрөткізгіштік () болып табылады:
Берілген қатынасқа эквиваленттік электр-өткізгіштік () кіреді, ол катион мен анион иондарының қозғалу жылдамдығына (қозғал-ғыштығына) тәуелді:
Қозғалғыштықтың мәндері анықтамалық әдебиеттерде келтіріледі.
Кондуктометрлік титрлеу аналитикалық мақсатта кенінен қолданылады. Меншікті электрөткізгіштікті қосылған титрант мөлшерімен өлшейді. Нәтижелері бойынша  – V координатында қисығын түрғызады, сынықтың бойынан эквивалент нүктесін тауып, титрлеуге кеткен көлемін анықтайды да, анализденетін ерітіндінің концентрациясын есептейді. Берілген реакция үшін эквиваленттік электр өткізгіштігінің есептеулеріне сүйене отырып, титрлеу қисығын болжауға болады. 
Электролит ерітінділерінің электр тоғын өткізу қабілеті ондағы иондардың қозғалғыштығына байланысты болады.
Заттың электр тоғын өткізу мүмкіндігі электрөткізгіштікпен немесе оған кері шама кедергімен (R, Ом) сипатталады.
1-ретті өткізгіштер үшін кедергі Ом заңымен анықталады :
Меншікті кедергіге () кері шаманы меншікті электрөткізгіштік (, Сим/м, 1 Сименс = 1 Ом-1) деп атайды:
.
немесе
Ерітінділердің кедергісі (R) кондуктометриялық ұяшық арқылы өлшенеді, ондағы электродтар бір қалыпты орнатылған, яғни:
мұндағы Ксыдыстың сыйымдылық константасы, оның мәні барлық ерітінділер үшін ортақ болады
Меншікті электрөткізгіштік () ерітіндінің концентрациясына тәуелсіз шама, сондықтан есептеулерде оның орнына эквиваленттік электрөткізгіштік шамасы алынады:
Эквиваленттік электрөткізгіштік деп әрқайсысының ауданы 1 см2 электродтардың өзара арақашықтығы 1 см болғанда, сол аралықтағы көлемі (Vсм3) ерітіндінің электрөткізгіштігін айтады.
Кольрауш заңы бойынша шексіз сұйылтқан ерітіндінің эквиваленттік электрөткізгіштігі катиондары мен аниондарының қозғалуынан болатын иондық өткізгіштіктердің қосындысынан тұрады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет