РЕФЕРАТ Тақырыбы:Екі құрамды және көп құрамды құрмаластардың арақатынасы
Орындаған:Жұмабаева Диана
Топ: ҚТӘ – 303
Тексерген: Молдабаева Зухра
2022-2023 оқу жылы М А З М Ұ Н Ы
I.Кіріспе 1. Екі құрамды және көп құрамды құрмаластардың арақатынасы II.Негізгі бөлім Екі құрамды құрмалас сөйлемдердің зерттелуі .
Көпқұрамды құрмалас сөйлемдер мен олардың зерттелу жайы
III.Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Екі құрамды сөйлем — грамматикалық құрылымы синтаксистік бас мүшелер болып табылатын бастауыш пен баяндауыштың (дара және күрделі күйінде) предикативтік қатынасына негізделген сөйлемдер. Екі құрамды сөйлем (екі бас мүшелі) сөйлем синтаксисіне қатысты зерттеулердің қайсысында болмасын жай сөйлемнің басты түрі ретінде қаралады. Жай сөйлемдердің екі құрамды болуы жөніндегі пікірлер ойдың екі құрамдылығы жөніндегі пікірлермен бірге (тіл ойдың көрінісі ретінде қарайтын идеяға сай) өте ерте дәуірде қапыптасқан. Тіл ғылымы тарихында ой мен сөйлемді (пікір мен сөйлеуді) бір деп қараудан гөрі екеуін екі бөлек, бірақ өзара тығыз байланысты процестер ретінде зерттеулердің пайда болуына сай, сөйлемнің сыртқы грамматикалық құрылымы мен ішкі мағыналық құрылымын сарапай тексеру бұл екі құрылымның барлық жағдайда бірдей сәйкес келе бермейтіндігін айқындады. Осыған сәйкес жалпы жай сөйлемдердің екі құрамдық (екі бас мүшелі), бір құрамды (бір бас мүшелі) және мүшеленбейтін сөйлемдер деп бөліп қарау ғылымға түбегейлі енді. Екі құрамды сөйлем көбіне пікір құрамына сәйкес келетін сөйлем түрі ретінде қаралады. Көп құрамды құрмалас сөйлем — компоненттерінің саны үш және одан да көп болып келетін құрмалас сөйлемдер. Мысалы: Көп ойлануға уақыт қалған жоқ, жалғыз үміт: не Талғар өткел беріп құтқарады, не өзі жұтып құтқарады, әйтеуір дұшпанға жоқ. (М. Әуезов). Көп құрамды құрмалас сөйлемтар көп құрамды салаласқа, көп бағыныңқылы сабақтасқа және аралас құрмалас сөйлемге жіктеледі. Көп құрамды салапастың баяндауыштары өңкей тиянақты тұлғада тұрады (Шұғыл орысша білмейді, барон қазақша білмейді, бірақ екеуі кейде араға тілмаш салмай ақ түсінісе береді. X. Есенжанов). Көп бағыныңқылы сабақтастың тиянақсыз тұлғалы бірнеше бағының қылары тиянақты тұлғалы бір басыңқыға қатысты болып келеді (Бірақ күз суық болмай, күзек оты әлі де мол болғандықтан, жұрт іркіліп отыр. М. Әуезов). Аралас құрмаласта тиянақты, тиянақсыз тұлғалы компоненттер араласып қатар жұмсалады (Қазір ол Игілікгің үстіне барлық мақтауын үйер еді, аузына сөзі құрғыр түспей, тілі кемекейіне жабысып қалғандай күрмеліп қалыпты. Ғ. Мүсірепов). Көп құрамды құрмаластардың құрамында, аты айтып тұрғандай, кемінде үш жай сөйлем болады. Көп бағыныңқылы сабақтас. Құрамында екi не одан да көп бағыныңқысы, бiр басыңқысы бар сабақтастың түрi көп бағыныңқылы сабақтас деймiз. Көп бағыныңқылы сабақтастың мағынасы дара бағыныңқылы сабақтастың мағанасынан күрделi болады. Көп бағыныңқылы сабақтас бiр басыңқы, кемiнде екi я онан да көп бағыныңқы компоненттерден жасалады. Бағыныңқылардың басыңқымен байланысына қарап, көп бағыныңқылы сабақтастар жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас, сатылы көп бағыныңқылы сабақтас болып екiге бөлiнедi. Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтастардың құрамындағы әр бағыныңқы сөйлем басыңқымен тікелей байланысады. Бағыныңқыларының мағыналарына қарай, бiрыңғай жарыспалы бағыныңқы, әр алуан жарыспалы бағыныңқы болып өз ара екiге бөлiнедi. Бiрыңғай жарыспалы сабақтасқа мысал: Ертеңiне тұрсақ, жел басылып, бұлт ашылып, маужыраған бiр күн басталыпты (С.М.). Әр алуан жарыспалы бағыныңқыға мысал: Жиын есiне түскенде, бетiнен оты шықса да, мұғалiмнiң сөзiне көнбесiне Бектайдың шарасы болмады (М.И). Сатылы көп бағыныңқылы сабақтастардың құрамындағы әр бағыныңқы сөйлем басыңқымен тікелей байланыса алмайды, бірінші бағыныңқы екіншімен, екінші үшіншімен т.т байланысып барып, басыңқы сыңармен байланысады. Көп құрамды салалас құрмалас сөйлем Салалас құрмалас сөйлемнің құрамында кейде екі ғана жай сөйлем болмай, одан да көп жай сөйлем болуы мүмкін. Ондайда жай сөйлемдердің арасындағы мағыналық қарым-қатынас бір текті, бірыңғай болуы да, әр түрлі болуы да мүмкін. Саластың құрамына енген жай сөйлемдердің мағыналық карым-катынасы әр түрлі, байланысу жолы әрі жалғаулықтар арқылы, әрі жалғаулықсыз, іргелес болып келсе, ондай саласты көп құрамды салалас дейміз. Мысалы, Өкпелі адамша Олжабекке тура қарай койған жоқ, екі көзі бораздада: ішкі өгіздін бірі аяғын шалыс басып еді, шыбыртқысы шарт етті, өгіз бір қайқандап бораздаға түсе қойды. (Мұст.) деген кұрмаластың құрамында 5 жай сөйлем бар. Бірінші жай сөйлем мен екінші жай сөйлем бір-бірімен өз ара ыңғайлас мәнде байланысқан, екінші және үшінші жай сөйлемдер өз ара іліктес мәнде, үшінші мен төртінші және төртінші мен бесінші сөйлемдер өз ара себеп-салдар (алдыңғысы себеп те, кейінгісі салдар) мәнде байланысқан. Бұл жай сөйлемдер бір-бірімен өз ара іргелес, ешбір шылаусыз құрмаласқан. Көп құрамды құрмалас сөйлем — компоненттерінің саны үш және одан да көп болып келетін құрмалас сөйлемдер. Мысалы: Көп ойлануға уақыт қалған жоқ, жалғыз үміт: не Талғар өткел беріп құтқарады, не өзі жұтып құтқарады, әйтеуір дұшпанға жоқ. (М. Әуезов). Көп құрамды құрмалас сөйлемтар көп құрамды салаласқа, көп бағыныңқылы сабақтасқа және аралас құрмалас сөйлемге жіктеледі. Көп құрамды салапастың баяндауыштары өңкей тиянақты тұлғада тұрады (Шұғыл орысша білмейді, барон қазақша білмейді, бірақ екеуі кейде араға тілмаш салмай ақ түсінісе береді. X. Есенжанов). Көп бағыныңқылы сабақтастың тиянақсыз тұлғалы бірнеше бағының қылары тиянақты тұлғалы бір басыңқыға қатысты болып келеді (Бірақ күз суық болмай, күзек оты әлі де мол болғандықтан, жұрт іркіліп отыр. М. Әуезов). Аралас құрмаласта тиянақты, тиянақсыз тұлғалы компоненттер араласып қатар жұмсалады (Қазір ол Игілікгің үстіне барлық мақтауын үйер еді, аузына сөзі құрғыр түспей, тілі кемекейіне жабысып қалғандай күрмеліп қалыпты.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, Санат, 2003.
2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис. Алматы, Мектеп, 1966.
3. Ермекова Т. Компонент құрамындағы жай сөйлемдердің жұмсалым ерекшеліктері // Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Хабаршы. Алматы, № 4 (94).
4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. - Алматы: Ана тiлi, 1992.
5. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Алматы: Ғылым, 1966.
6. Аманжолов С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілінің грамматикасы. Синтаксис. - Алматы: 1953.