Дәріс №13-14 Тақырыбы: Топырақтың ауалық қасиеттері және ауа режимі Мақсаты



бет2/3
Дата06.01.2022
өлшемі19,71 Kb.
#14823
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
№.13-14.Дәріс.Ауа.5.10.2020.ж

Топырақтың ауа қасиеттері. Топырақтың ауа қасиеттеріне ауа сыйымдылық және ауа өткізгіштік жатады.

Ауа сыйымдылық деп, топырақтың ауаның қандай да болмасын мөлшерін ұстап тұру қабілетін айтады. Оның мөлшері топырақтың қуыстылығы мен ылғалдылығына байланысты. Механикалық құрамы бойынша топырақ жеңіл болған сайын немесе құрылымдырақ болса, онда судан бос болатын үлкен капиллярлық емес қуыстар көптеу болады, ауа сыйымдылығы да жоғарырақ. Егістік жер топырағында қолайлы ауа мөлшері келесідей: дәнді дақылдар үшін жалпы қуыстылық 15-20 %, отамалыларға 20-30 %, көпжылдық шөптер үшін 17-21 %.

Ауа сыйымдылық ылғалдық көбейген сайын төмендейді, себебі бұл жағдайда қуыстардың бір бөлігін су алып тұрады.



Ауа өткізгіштік деп, топырақтың өзінен ауаны өткізу қабілетін айтады. Ол механикалық құрам мен құрылымға байланысты және құрылымды, механикалық құрамы жеңіл топырақтарда жақсы болып келеді. Толығымен олардағы ауаның мөлшері топырақ көлемінің 0-ден 40% төңірегінде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет