2.Топырақ ауасының құрамы және газалмасу. Құрамы бойынша топырақ ауасы атмосфералықтан оттегінің аз, көмір қышқыл газының көп мөлшерімен ажыратылады.
1-кесте. Атмосфера және топырақ ауасының құрамы (көлемі %) И.П.Герчин бойынша
Газ
|
Ауа
|
атмосфералық
|
топырақтық
|
Азот
|
78,08
|
78,08-80,24
|
Оттегі
|
20,95
|
20,90-0,0
|
Көмір қышқылы
|
0,03
|
0,03-20,0
|
Вегетациялық кезең бойына топырақ ауасының құрамы үнемі өзгеріп отырады. Оның негізгі себебі – ұсақ ақзалардың тіршілігі, өсімдік тамырларының атмосферамен тыныс алуы және газалмасуы.
Газалмасуға әсер ететін басты факторлар – диффузия, топырақ температурасының, барометрлік қысымның өзгеруі, топырақтың ылғал мөлшері және жел.
Диффузия – газдардың парциалдық қысымға сәйкес қозғалып, жылжып отыру процесі. Газдардың топырақтан атмосфераға және керісінше, диффузиясы жеке шаздардың парциалдық қысымындағы айырманың арқасында болады.
Топырақ ауасында атмосфералық ауаға қарағанда оттегінің концентрациясы аз, ал көмір қышқылы газының концентрациясы көп болуына байланысты диффузияның әсерінен топыраққа оттегі еніп, көмір қышқылы газы атмосфераға бөлініп шығады.
Температура мен барометрлік қысымның өзгеруі де газалмасуға себеп болып, ондай жағдайлардан топырақ ауасы сығылады немесе жайылады.
Газалмасудың қарқындылығы топырақ температурасына байланысты. Жылынғанда оның көлемінің артуынан топырақ ауасының біраз мөлшері сыртқа шығады. Топырақ суынғанда оның қуыстары атмосферадан ауаның жаңа порциясын алады.
3.Жауын-шашынмен немесе суаруда ылғалдың топыраққа енуі топырақ ауасын сығып, оны сыртқа шығару мен атмосфералық ауаны соруға әкеп соқтырады. Топыраққа жауынмен немесе суарумен су енгенде топырақ қуыстарынан «көне» ауа ығыстырылып, ылғал кеткеннен кейін қуыстар «жаңа» ауамен толтырылады.
Газалмасуға желдің әсері көп емес және желдің жылдамдығы, топырақтың макро және микробедері, құрылымы және оның өңдеу сипатына байланысты. Желдің әсерінен ең жақсы газалмасу өсімдіктері жоқ қуысты топырақтарда болады.
Топырақта ауа түрлі жағдайларда болады: оның бір бөлігі мүлдем еркін, басқалары – суда еріген және азғана бөлігі топырақтың ұсақ бөлшектерімен адсорбцияланған.
Ауа режимі. Топырақ, өсімдік және ұсақ ағзалар тіршілігінде топырақ ауасы үлкен рол ойнайды. Ол фотосинтез үшін өсімдіктерге қажет көмір қышқылы газының көзі болса, өсімдіктердің тамыр жүйесі, ұсақ ағзалар және топырақта мекендейтін жануарлар үшін оттегінің көзі болып саналады. Онда ауа немесе оттегінің жетіспеуі аэробты ұсақ ағзалардың тіршілігін күрт нашарлатып жібереді.
Ылғал артық, ауа жетіспегенде анаэробты жағдайлар жасалынады да батпақтану болады. Ауа мол болып, ылғал жетіспей жатса топырақ кеуіп кетеді де барлық биологиялық процестер өшеді.
Өте тамаша су-ауа режимі су мен ауа бір-біріне кедергі жасамайтын құрылымды топырақтарда қаналады: су құрылымды агрегаттар ішіндегі капиллярларды толтырса, ауа – олардың арасындағы үлкен қуыстарды толтырады. Егер топырақ құрылымсыз болса, онда су-ауа режимін жақсартуға – қатты, сұйық және газтәрізді фазалардың қолайлы қатынастарындағы құрылысқа жиі өңдеумен жетуге болады.
Су-ауа режимін реттеу шаралары түрлі топырақтарда әртүрлі: батпақты жерлерде құрғатып мелиорациялау көмегімен, ал ылғал жеткіліксіз аймақтарда қартоқтату, орман алқаптарын отырғызу және т.с.с. шаралармен реттеледі.
Бақылау сұрақтары:
1.Топырақ ауасы дегенді қалай түсінесіз?
2.Топырақтың ауа режимiн реттеуде қандай тəсілдер қолданылады?
3.Топырақ аэрациясы дегеніміз не?
4.Топырақ ауа режимі дегеніміз не?
5.Сіңген ауа дегеніміз не?
Пайдаланылған әдебиеттер
Мирзадинов Р.А., Үсен Қ., Торғаев Ә.Ә., т.б. Топырақтану. Оқу құралы/ - Алматы: Қаз ККА, 2009. -278 б. Кузнецов, М.С. Эрозия и охрана почв [Текст]: Учебник / М.С. Кузнецов, Г.П. Глазунов.- Москва: КолосС, 2004.- 352 с.
Мелиоративное почвоведение по спец. 050810-"Мелиорация, рекультивация и охрана земель". (3 кредита): Тип. учеб. программа. [Текст] / Мин. обр. и науки РК.- Тараз: ТарГУ им. М.Х.Дулати, 2007
Ауылшаруашылық мелиорациясының негізі [Мәтін]: Оқулық / Ж.С. Мұстафаев, Ә.Т. Қозыкеев.- Алматы: ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2014
Лозановская И. Н., Орлов Д. С, Садовникова Л. К. Экология и охрана биосферы при химическом загрязнении. М.: Высшая школа, 2002. С. 180
Практикум по почвоведению. /Под ред. А. И. Горбылевой. –Мн.: Дизайн ПРО, 2000,-192 с. ISBN 985-452-013-7
https://youtu.be/KUMDUwzEe4s
https://youtu.be/AACh0uLGqtM
Достарыңызбен бөлісу: |