Дәріс 13 Биологиядағы цифрлық технологиялардың маңызы мен жетістіктері


Адам және жануарлар физиология­сы институты»



бет2/3
Дата01.05.2023
өлшемі20,49 Kb.
#88692
1   2   3
Адам және жануарлар физиология­сы институты».  Қазақстан Ғылымдар Академиясының ғылыми-зерт. институттарының бірі. 1945 ж. құрылған.
Оның лимфа және қан айналысы, ас қорыту, лактация (сүттену), нейрогуморальдық реттеу, бейімделу және лимфалық жүйе физиол-сы лабораториялары бар.
Негізгі ғылыми-зерт. жұмыстарының бағыттары: лимфаның құрамы мен қасиетінің өзгеру заңдылығын, түзілуін және оған әсер ететін факторларын, ас қорыту, жүйке жүйесі, ішкі секреция бездері қызметін зерттеу. Құрылғаннан бері институт ғалымдары гисто-физиологиялық зерттеулерін (Н.О.Базанованың басшылығымен), адамның естен танып ауыратын дертін емдеу жолын (А.П.Полосухин); фистулалық әдіс арқылы малдың ас қорыту ерекшелігін білу (ҚАЛАСЫТ.Тәшенов); ірі қара малдың сүттілігін арттыру, бие сауатын «Темп» аппаратын шаруашылыққа пайдалану жолын (Х.Д.Дүйсембин) ұсынды. Сондай-ақ диспепсия, энтерит дертін емдеуге қажетті кермек және таран өсімдіктерінен жасалған тұнба ерітінділерін алу, киікоты өсімдігінен жасалған дәрімен жүрек ауруын емдеу жолын (Ф.Ж.Жұмағалиева); Қазақстанда экол. жағдайдың нашарлауына байланысты қолайсыз факторлардың (қорғасын, улы газ, т.б.) организмге зиянды әсерін және одан қалай сақтану жолдарын, ауыр металдардың қан мен лимфаға, бауыр мен бүйрекке, денедегі зат алмасу, ас қорыту, сүт шығу процестеріне әсерін анықтайтын ғылыми-зерт. жұмыстарын жүргізді.
«Өсімдіктер физиология және биотехнологиясы институты». Институт «Республикада ғылымды ұйымдастыруды жетілдіру және ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту бойынша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 21.01.1993 ж. № 1090 Жарлығын орындау мақсатында «Қазақстан Республикасы Ұлттық биотехнология орталығының қызметін қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 16.11.1993 ж. № 1140 Қаулысына сәйкес құрылған.
Институт ҚР ҰҒА Ботаника институтының физиология және генетика зертханалары негізінде, өсімдіктердің физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін, «Өсімдіктердің физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы институты» деген атаумен, 1993 жылы құрылды. 2006 жылы мекеменің атауы Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты болып өзгерді. Институттың даму кезеңінде биотехнологиялық бағыттағы 5 жаңа зертхана ұйымдастырылды.
Өсімдіктердің физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізеді. Институтта 7 зертхана жұмыс істейді:

  • генетика және селекция зертханасы

  • клеткалық инженерия зертханасы

  • гермоплазманы криосақтау зертханасы

  • молекулалы биология зертханасы

  • молекулалы генетика зертханасы

  • селекция және биотехнологиялар зертханасы

  • физиология және биохимия зертханасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет