Дәріс 13 Биологиядағы цифрлық технологиялардың маңызы мен жетістіктері



бет1/3
Дата01.05.2023
өлшемі20,49 Kb.
#88692
  1   2   3
Байланысты:
БЦТ лекция 13


Дәріс 13
Биологиядағы цифрлық технологиялардың маңызы мен жетістіктері


Елімізде биология ғылымының негізгі салалары – ботаника, зоология, микробиология, вирусология, фи­зио­логияның қарқынды дамып жатқандығын, сондай-ақ жаңа заманауи бағыттары – молекулярлық биология, генетика, биотехнология сияқты салалардың өз дәрежесінде орын ала бастағанын атап өту қажет. Со­нымен қатар өткен ғасырдың 70-90-жылдары арасында биотехноло­гия саласы қарқынды дами бастады. Ал 90-жылдардың басында Қазақ­станның биология ғылымы айтар­лықтай жетіс­тіктерге ие болды. Атап айтқанда ғылыми-зерттеу инс­ти­туттары қажетті құрал-жабдық­тармен, заманауи өнді­рістік базала­рмен жабдықталып, ғы­лыми ин­фрақұрылымы дамыған және жоғары білікті мамандармен толық қамтамасыз етілген ғылым саласы болып қалыптасты. 
Қазір Білім және ғылым министр­­­­­­­­­лігінің құрамында – 13, Ауыл ша­руашылығы министрлігінің құра­мын­да 22 ғылыми ұйым биологиялық бағытта жұмыс істейді. Алайда, биыл­ғы ғылыми жобаларға өткізіл­ген конкурс нәтижесі бойынша рес­публикалық бюджеттен өз дәре­жесінде қаржыландырылмай қалған бірқатар ғылыми-зерттеу институты бар, ал ғылыми институттар үшін бұл қаржының негізгі көзі саналады. Бұдан шығатын қорытынды біреу ғана – институттардың келешегі не болмақ? Одақ кезіндегі ғылыми мекемелерде еңбек еткен ғалымдардың тағдырына кім жауапты? Енді ғылыми жобаларға конкурс үш жылдан кейін ғана болатынын ескерсек, осы күнге дейінгі дайындаған мамандар­дан айырылып қалуымыз әбден мүм­кін.
«Зоо­логия институты» Қазақстанның жан-жануарлар дүниесін зерттейтін ғылыми мекеме. Қазақстан ғылым академиясының құрамында, КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесіне қарасты зоологиялық секторы негізінде 1943 жылы құрылған. Институттың 10 лабораториясында (сүтқоректілер, құстар, палеозоология, су жәндіктерінің экологиясы, жәндіктер, жалпы паразитология, паразитоценология, жануарлар генофонды, омыртқасыздарға биологиялық бақылау жасау, жануарларды білезіктеу) жүздеген ғылыми қызметкерлер жұмыс істейді. Институт зерттеулерінің негізгі бағыттары:

  • республиканың жануарлар дүниесінің көп түрлілігін сақтаудың теориялық негіздерін жасау;

  • хайуанаттар қорын қорғау, оны тиімді пайдалану;

  • паразиттер мен олардың иелерінің арасындағы қарым-қатынастардың ерекшеліктері және экологиялық негіздері;

  • жануарлар мен өсімдіктер паразиттерімен күресудің биологиялық жолдары;

  • биологиялық және техногенді әсерлердің нәтижесінде зиянды және пайдалы жануарлар тобында болатын реттеуші процестерді экожүйелік тұрғыдан талдау;

  • организмге тигізетін радиация әсерінің заңдылықтары мен механизмдерін зерттеу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет