11.1. Мембраналық бөлуге арналған техника
Мембраналардың бөліну қабілеттілігін келесі сұлбадан көруге болады (11.1 сурет).
11.1 сурет. Бөлшектердің өлшемі
11.1.1. Ультрасүзгіш мембраналар
Олар кеуекті анизатропты ацетатцеллюлозалы екі қабатты қабықшадан жасалады:
-1-қабат - 0,25 мкм қалындықтан тұратын жұқа беткі қабат;
-2 -қабат - 100 мкм қалыңдықтан тұратын микрокеуекті негізден тұратын қабат;
сонымен, мембрананың төменгі негізгі массасы дегеніміз
-кеуектің төменгі негізі;
- тығыз беткі қабатқа негіз болады.
Тығыз белсенді қабатта ерітінділердің бөліну механизмі өтеді.
Белсенді қабатгың кеуекгерінің өлшемі зат концентрациясының дәрежесін анықтады.
Ультрасүзу процесі екі теориялық позиция түрғысынан түсіндіріледі:
-1 жағдайда ультрасүзу заттың молекулярлық массасына тәуелді әр түрлі диаметрдегі кеуекті капиллярлар арқылы өту болып табылады.
-2-жагдайда етірінді заттары мембрана материалы арқылы онда алдын-ала ерігеннен соң ғана диффундирленеді.
Мембрана негізі ретінде кеуекті металл фольга, кеуекті шыны, графит, т.б. материалдар қолданылады.
Биотехнологияда мембраналардың келесі түрлері қолданылады:
-УAM - 30;
-УAM - 50M;
-УАМ-10ОМ;
-УАМ - 150М;
-УАМ - 200М;
-УАМ - 300М;
-УАМ - 500М.
Мұндай өнеркэсіптік ультрасүзгіш мембран аларды «Владипор» типті целлюлоза ацетатынан жасайды.
Олар бір-бірінен былай ерекшеленеді:
-Кеуек диаметрімен (2,1 — ден 60-70 нм жоғары);
-Селективтілігімен (яғни таңдаулылығымен) және өтімділігімен;
Мембрана селективтілігінде маңызды рөлді заттың
молекулалық массасы атқарады.
Төменгі 11.1 кестеде әртүрлі типті мембраналардың селективтілігін сипаттайтын мәліметгер келтірілген.
Бірақ мембрана таңдағанда мынаған назар аудару қажет:
Мембрана селективтілігіне молекулалық массадан басқа стерикалық фактор да әсер етеді. Ол мыналарды сипаттайды:
1. Концентрленетін зат молекуласьіның кеңістіктік құрылымын;
2. ББЗ-ң агрегациялық (яғни іріленуге) қабілеттілігі.
11.1 кесте. Әртүрлі типті мембраналардың селективтілігін сипатгайтын мәліметтер.
Осыған байланысты әрбір жағдай үшін мембрана тәжірибелік жолмен таңдалады
Достарыңызбен бөлісу: |