Дәріс №13. Биологиялық белсенді заттар (ббз) ерітінділерін мембраналық бөлуге арналған қондырғылар



бет3/4
Дата03.12.2023
өлшемі1,71 Mb.
#134102
1   2   3   4
Полимерлі талшықтар.
Мембраналық процестерде болашақта қолданылатын селективті материалдарға қуыстары бар полимерлі талшықтары жатады.
Олар 20-100 мкм диаметрлі капиллярлардан және 10-50 мкм қалыңдықтағы кеуекті қабырғадан тұрады.
Олар полимер балқымасын арнайы сүзгілер арқылы сығу жолымен түзіледі.
Оларға материал ретінде мыналар қолданылады:
-Хош иістендіргіш полиамидтер;
-Фенилон;
-Полиакрилонитрия, т.б.
-Талшықтар жиынтығы.
Бетті 30000 м2 жеткізе отырып, ультрасүзгіш аппараттың ішкі элементіне бекітіледі;
35 мм диаметрлі келте құбырға 28 млн. данаға жуық талшық орналастыруға болады.
Бұл кезде өнімділік 1 м3 шыны көлеміне 175 м дейін сулы ерітіндіге жетеді.
Қуысты талшықтардың артықшылғы:
Жоғары тығыздықты қаптауы бар бөлгіш элементтерді жасау мүмкіндігі;
Кұрғақ күйінде тасымаддау және сақтау;
Жоғары қысымға шыдау қабілеттілігі;

Оның кемшіліктеріне жататындар:


Зақымдалған талшықтарды табу және ауыстыру қиындығы;
Қуысты талшықтар.
Целлюлозаның материалдан жасалмаған қуысты талшықтар диаметрі 0,2 мм болатын жұқа келте құбыр болып келеді.
Талшықтар 1000 данапық жинаққа жиналады да, мөлдір пластикалық гильзаға герметикалық түрде қойылады.
11.1.2. Мембраналық аппараттар түрлері

Биотехнологияда мембранапық аппараттардың 4 негізгі түрлері қолданылады:


1. Жайпақ сүзгіш элементі бар аппараттар (жайпақ қанқалы)
2. Келте құбырлы сүзгіш элементтері бар аппараттар
3. Орамды сүзгіш элементтері бар аппараттар
4. Талшықтар түріндегі селективті мембраналары бар аппараттар.

Алғашқы үш типі жайпақ біркелкі жартылай өткізгіш мембраналармен (қабықша түріндегі) жинақталады да, қаптау әдісімен және мембрананы бекітумен ерекшеленеді.
Орамды типті аппаратгарда (11.2 сурет):
- бір немесе бірнеше мембрана 3;
- дренаж 4 және сүзгі - сепаратор арқылы байланысқан;
- сүзгіш материалдың бір жағы сүзіндіні жеткізуге арналган келте құбыр 1 герметикалық бекітілген;
- барлық материал осы келте құбырға орам 2 түрінде оралады;
Жайпақ қанқалы типті аппараттарда (11.3 сурет):
- сүзінді шығуға арналған дренажды қондырғысы бар тіректі пластиналар екі жағынан селективті мембраналармен қапталған,
- және пакетке жиналады;
Тіректі пластиналар арасында жұмысшы ерітіндінің ағуы үшін науалы арна түзіледі.
Жайпақ қанқалы аппарат артықшылықтары:
- жинақ қарапайымдылығы;
- жұмыстағы сенімділік;
Кемшіліктері:
- бөлінетін ерітіндінің мембрана аралық каналдарда бірқалыпты емес таралуы;
- қаптаудың төмен тығыздылығы және жоғары материал сиымдылығы.
Мұндай аппараттарды «Дау Ремикл», «Дюпон» фирмалары шығарады. Оларға келесі қасиеттер тән:
-бұл аппараттар цилиндрлі тұрықтан тұрады;
-тұрықта тіректі келте құбырға қуысты талшық орнатылган;
- кейбір құрылымдардарда қуысты талшыкгар тірексіз цилиндрлі тұрыққа қойылған;
-цилиндр бүйірлерінде талшықтар бір немесе екі жағынан да эпоксидтік шайырдан жасалган плиталармен жабылған, жазық талшықтар негізіндегі аппараттар жоғарғы тығыздықта қаптау қасиетіне ие.

11.2 сурет. Жайпақ қанқалы мембраналы аппарат:


1 - фланец; 2 - кергіш; 3 - камера тұрығы; 4 - кеуекті етек; 5 - іріктелген
мембрана



11.3 сурег. Қуысты талшық негізіндегі мембраналы аппараттың сұлбасы:
1 - стопорлы сақина; 2 - плита; 3 - қорғағыш тор; 4 - куысты талшықтар; 5 -
эпоксидті смоладан жасалынған плита; 6 - тіректі кеуекті диск; 7, 10 -
аппарат түбі; 8 - көп тесікті таратқыш кұбыр; 9 - шыны талшықтан
жасалынған тұрық


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет