Дәріс №13. Метрологияның үшінші аксиомасы. Өлшеу нәтижесіне әсер ететін факторлар. Өлшеу нәтижесі.
Үшінші аксиома:нәтижені дөңгелектеусіз өлшеудің нәтижесі кездейсоқ болады. Бұл аксиома өлшеуден кейінгі ситуацияға жатады және ол мүмкін өлшеуіш процедурасының нәтижесіне әрқашанда әр түрлі, кездейсоқ факторларға әсер ететіндігін, ал нәтижесінде дәл есеп мүмкін емстігін, соңғы қорытынды болжамсыз екндігін көрсетеді. Осының нәтижесінде, бір ғнан үздіксіз өлшемді қайта-қайта өлшеу кезінде немесе оны әр түрлі әдістермен және әр түрлі құралдармен біруақытта өлшеуде, оны дөңгелектемесе, нәтиже бірдей болмайтындығын көреміз. Бұл өлшеудің табиғаты бойынша кездейсоқ нәтиженің бөлек мәні болып табылады.
Өлшеудің нәтижесіне әсер ететін факторлар. Өлшеудің нәтижесіне дәл есебі мүмкін емес, ал қорытындысы болжамсыз екендігін сипаттайтын көптеген фактролар әсер етеді.Әсер ететін факторлардың жалпы қатынасын келесі ретпен құрастыруға болады: өлшеуге дейін оларды мүмкін жағдайда алып тастау қажет, өлшеу процесі кезінде- компенсациялау керек, ал өлшеуден кейін- оларды есепке алулары қажет.
Өлшеу нәтижесі. Қорытынды іс-әрекеттің болжамсыздығы.
Нәтиже (шаманы өлшеу) Өлшенетін шамаға кез-келген өзге қолжетімді және маңызды ақпаратпен бірге жазылатын шама мәндерінің жиынтығы.
Ескертпелер
1 Өлшеу нәтижесінде келтірілген ақпарат нақты өлшем ерекшеліктерімен анықталады және осы өлшемге қойылатын талаптарға сәйкес келеді. Көптеген жағдайларда ақпарат өлшем дәлдігіне жатады және дәлдік көрсеткіштерімен көрсетіледі, негізделген жағдайларда өлшеу әдістемесін көрсетуді және т.б. қамтиды.
2 Өлшеу нәтижесі тиісті дәлдік көрсеткішін көрсете отырып, өлшенген шама мәнімен көрсетілуі мүмкін. Дәлдік көрсеткіштеріне, мысалы орташа квадраттық ауытқу, қателіктің сенімгерлік шекаралары, стандартты өлшем белгісіздігі, жиынтық стандартты және кеңейтілген белгісіздік жатады.
3 Егер өлшемнің дәлдік көрсеткішінің мәнін берілген өлшеу мақсаты үшін ескермейтіндей аз деп санауға болса, онда өлшеу нәтижесі шаманың бір өлшенген мәні ретінде көрінуі мүмкін. Көптеген салаларда бұл қолданылатын өлшем құралының дәлдік сыныбын көрсетіп, өлшеу нәтижесін көрсетудің әдеттегі тәсілі болып табылады.
Өлшенген мән (шаманың)- Өлшеу нәтижесін көрсететін шаманың мәні.
1 Қайталама көрсеткіштер орын алатын өлшемдер үшін, әрбір көрсеткіш шаманың тиісті өлшенген мәнін алу үшін қолданылуы мүмкін. Шаманың жеке өлшенген мәндерінің мұндай жиынтығы, әдетте аз тиісті өлшем белгісіздігі (қателігі) бар орташа арифметикалық немесе медиана секілді шаманың нәтижелік өлшенген мәнін есептеу үшін қолданылуы мүмкін.
2 Өлшенетін шаманы көрсететін шаманың шын мәндерінің ауқымы өлшем белгісіздігімен (қателігімен) салыстырғанда аз болғанда, шаманың өлшенген мәні, іс жүзінде шаманың жалғыз шын мәнін бағалау ретінде қаралуы мүмкін және ол көбінесе қайталама өлшеулер кезінде алынған орташа арифметикалықты немесе жеке өлшенген мәндердің медианын көрсетеді.
3 Өлшенетін шаманы көрсететін шаманың шын мәндерінің ауқымын өлшем белгісіздігімен (қателігімен) салыстырғанда аз деп санауға болмайтын жағдайда, өлшенген мән көбінесе орташа арифметикалықты немесе шаманың шын мәндері жиынының медианын бағалау болады.
Шаманың өлшенген мәні түсінігі үшін өлшеу нәтижесі және өлшенетін шаманың мәндерін бағалау немесе өлшенетін шаманы бағалау терминдерін қолданады.
5.3 Тірек мәні (шаманың)- Бір тектес шамалардың мәндерімен салыстыру үшін негіз ретінде қолданылатын шама мәндері.
Ескертпелер
1 Шаманың тірек мәні өлшемге жататын шаманың шын мәні болуы мүмкін, бұл жағдайда ол белгісіз немесе шаманың қабылданған мәні болуы мүмкін, бұл жағдайда ол белгілі.
2 Олармен байланысты өлшем белгісіздігімен (қателігімен) шаманың тірек мәнін, әдетте:
- материал, мысалы, аттестатталған стандартты үлгі;
- құрылғы, мысалы, тұрақтандырылған лазер;
- референттік өлшемдер әдістемесі;
- эталондарды салғастыру үшін келтіреді.
5.4 Ақиқат мән (шаманың) - Өлшенетін шаманың анықтамасына сәйкес келетін шаманың мәні.
Ескертпелер
1 Өлшенетін шаманың анықтамасы өлшеу объектісінің бірқатар үлгісін қабылдауды қамтиды, онда ақиқат мән қандай да бір параметрмен берілген. Үлгі мен өлшеу объектісі арасындағы шектік сәйкессіздік әрқашан бар, бұл өлшенетін шаманың дефинициалды белгісіздігінің себебі болып табылады.
2 Өлшенетін шамамен байланысты дефинициалды белгісіздік басқа өлшем белгісіздігін құраушылармен салыстырғанда ескерілмейтіндей аз деп саналса, өлшенетін шаманы «шын мәнінде жалғыз» болатын ақиқат мән деп қарауға болады. Мұндай тәсіл [2]-те және онымен байланысты құжаттарда қабылданған, онда «ақиқат» сөзі артық деп саналады.
3 Шаманың ақиқат мәні түсінігінен қашық болатын және өлшеу нәтижелерінің метрологиялық салыстырымдылығы түсінігіне сүйенетін өлшемдер дәлдігін бағалау тәсілдері бар.
5.5 Қабылданған мән (шаманың)- Берілген мақсат үшін келісім бойынша шамаға жазылған шама мәні.
Ескертпелер
1 Кейде шаманың қабылданған мәні шаманың шын мәнін бағалау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |