Аталық жыныс безінің қосалқысы. Атабездің қосалқысы сопақша келген, оның басы, денесі, ұшы бар. Аталық жыныс безының торынын 12-15 түтікшелер шығып, торланып, қосымшаның басы пайда болады. Қосымшаның түтікшелері иректеліп төмен қарай бағытталып, қосымша өзегі пайда болады, кейін ұшында бірігіп, шәует шығару өзегі болып жалғасады.
Шәует шығарушы өзек , ductus deferens-ұзындығы 40-50 см жұп түтікаталық жыныс безі және оның қосалқысымен ұмада орналасқан. Пайда болған сперма сұйықтығын сыртқа шығарады.Шәует шығарушы өзек аталық жыныс безінің қосалқысының ұшынан басталып, шәует шылбырының құрамында жоғарыкөтеріледі.
Шәует шылбыры жоғары көтеріліп, шат өзегінен іш қуысына кіреді. Осы жерде өзек тамырлар мен жүйкеден бөлініп, төмен қарай бағытталып, кіші жамбас қуысына өтеді.Жамбас қуысының бүйірдегі қабырғасы арқылы қуық асты безіне, қуыққа бағытталады.Осы жерде шәует көпіршіктерінің өзегімен бірігеді.Қуыққа жақындағанда кеңейіп, жыныс жасушаларының қоймасы пайда болады. Шәует шығарушы түтіктің қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі шырышты, ортаңғы бұлшық етті, сыртқы- дәнекер ұлпалы қабат.
Шәует шылбыры, finiculus spermaticus- жұп болып, ұмадан жіпшеленіп басталады. Оның құрамында жыныс безіне келетін артерия, вена қан тамырлары, жүйке талшықтары, лимфа тамыры және шәует шығарушы өзек болады. Шәует шылбыры ұмадан жоғары көтеріліп, шат өзегі арқылы іш қуысына кіреді. Осы жерде шәует шығарушы өзек, тамырлар мен жүйке талшықтарынан бөледі. Қан тамырлары, жүйке талшықтары жоғары көтеріліп іш астардың артына өтеді, ал шәует шығарушы өзек кіші асталға бағытталады.
Шәует көпіршіктері, vesicula seminalis- жұп , сопақша, ұзындығы 5см жуық, қуық пен тік ішектің кеңейген бөлігінің аралығында орналасқан. Шәует көпіршіктерінің жоғарғы кеңейген денесі, төменгі жіңішкерген бөлігі «шәует шашар өзегі» деп аталады. Шәует көпіршіктері сперма сұйықтығына толы. Сперма сұйықтығы түссіз, оның құрамында сперматозоидтар болады.
Шәует көпіршіктерінің қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі –шырышты, ортадағы- бұлшық етті, сыртқы- дәнекер тінді қабаты.Шәует көпіршіктерінің қуысы шәует шығарушы түтікке өтеді. Шәует шығарушы және шәует көпіршіктерінің шығарушы түтрігі бірігіп шәует шашушы түтік пайда болады. Оң және сол жақтағы шәует шашушы түтіктер қуық асты безінің артынан кіріп, несепе шығару жолына ашылады.