Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет21/88
Дата28.10.2022
өлшемі176,17 Kb.
#45963
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   88
Байланысты:
Анат лекция

ТАҚЫРЫБЫ: Жыныс ағзаларының жалпы құрылысы.Ерлер жыныс ағзалары. Аталық жыныс безі,құрылысы мен қызметі.Шәует шығарушы өзек.Қуық асты безі.Ер адамның сыртқы жыныс ағзалары

Жыныс ағзалары –еркектің ,organa genitalia masculina, және әйелдің, organa genitalia feminine, болып бөлінеді. Ұрықта жыныс ағзалары екі жыныста да бірдей болып басталады,бірақ даму барысында біреуінде еркектік жыныс бастамалары дами бастайды да,ал әйелдік жыныс бастамалары рудименттік күйде қалып қояды және керісінше дамиды. Екі жыныста да ең басты құрам бөлігі- жыныс бездері (еркекте атабез,әйелде анабез) болып табылады,олар жыныс жасушаларын өндіреді. Кейде бір адамда екі жыныс белгілері де дамиды-бұл гермафродитизм деп аталады. Атабез бен анабез қатар болған жағдайда нағыз гермафродитизм болады, ал біреуі ғана болып, екінші жыныс белгілері аз байқалса- жалған гермафродитизм деп аталады. Атабез де, анабез де жыныс гармондарын жасап шығаратындықтан, ішкі секреция ағзаларына жатады.


Ер адамның жыныс мүшелері сыртқы және ішкі болып екі топқа бөлінеді. Ішкі жыныс мүшелеріне: атабез, оның қосымшасы, шәует көпіршіктері, қуық асты безі, бульбоуретрал бездер, шәует шығарушы жолдары кіреді. Сыртқы жыныс мүшелеріне:ұма мен аталық жыныс мүшесі жатады.
Атабез, testis - ұмадағы жұп, аралас без. Атабездің эндокриндік қызметі- еркек жыныс гормондары пайда болады. Бездің сыртқы секрециялық (экзокриндік) қызметі- жыныс жасушалары- сперматозоидтарды шығарады.
Аталық жыныс безінің пішіні сопақ, екі бүйірі қысыңқы, ұзындығы- 4см,көлденеңі-3см, салмағы- 15-25г. Оның екі беті, алдыңғы,артқы шеті,жоғарғы төменгі ұшы бар. Бездің медиалды беті ойыстау, латералды беті дөңестеу. Бездің алдыңғы және артқы жиегі бар. Атабездің жоғарғы және төменгі шеті бар.Бездің жоғарғы шетінде парамезонефрал өзектің салбыраған қалдығы бар. Артқы шетінде қосымша орналасқан. Аталық жыныс безі сыртынан ақ тығыз дәнекер ұлпамен қапталған.Ақ қабықтың астында бездің заты- паренхимасы бар. Ақ қабық бездің артында қалыңдап, атабез орталығы пайда болады.
Қабықтан бездің ішіне тармақтар кетіп, безді 250-300 үлесшелерге бөледі.Үлесшелер араларын дәнекер ұлпа байланыстыратын ирек түтікшелерден тұрады.Ирек түтікшелерде көп қабатты ерекше сперматоген кілегей жасушалары мен сортолли жасушалары болады.Сперматоген жасушаларында аталық жыныс жасушалары дамып жетіледі, сортолли жасушалары олардың дамуы үшін қоректендіру қызметін атқарады. Атабездің ирек түтікшелері тік түтікшелерге айналып, ерекше тор пайда болады.
Торлы түтікшелерден атабезді, оның қосалқысымен байланыстыратын 12-15
шығарушы түтікшелері шығарады. Байланыс түтікшелері бездің қосалқысының ирке түтікшелеріне жалғасады. Олар атабез қосалқысының төменгі жағында бірігіп, шәует шығару өзегі пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет