А) Шыны тәрізді дене, corpus vitreum – көз алмасы қуысын торлы қабықтан ішке қарай толтырып тұрады, іркілдек келген, көзбұршақтың артында жататын мөлдір зат.
Ә) Көзбұршақ, lens - өте маңызды жарық сындырғыш орта, өте мөлдір және пішіні қосдөңесті шыны тәрізді, алдыңғы және артқы беттерінің орталық нүктелері полюстер деп аталады. Көзбұршақ жұқа, мүлде мөлдір ,құрылымсыз капсуламен жабылған қалпында кірпікті белдікшемен бекітіледі. Көзбұршақ өзінің қабығының серпімділігі арқасында алысқа немесе жақынға қарауымызға байланысты өзінің дөңестігін өзгертіп отырады – бұл аккомодация деп аталады. Көзбұршақта шыны тәрізді денедегі сияқты тамырлар болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |