Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар


Сүт бездері, mammae, glandula mammaria (грекше mastos



бет180/180
Дата07.01.2022
өлшемі152,77 Kb.
#18009
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   180
Сүт бездері, mammae, glandula mammaria (грекше mastos, осыдан қабынуы – мастит) – жұп без. Даму сатысында тер бездеріне ұқсап дамиды, бірақ атқаратын қызметі жыныс мүшелерімен байланысты. Оның үлкендігі, пішіні әр түрлі, әр әйелдің өзіне ғана тән өзгешелігі болады. Сүт бездері ІІІ – VI – шы қабырғаның деңгейінде үлкен кеуде бұлшықетінің үстінде, кеуде шандырымен оралып тұрады. Медиалды шеті төс жиегіне дейін жетеді. Бездің ортасы үшкірленіп, емізік пайда болады. Емізіктің айналасы дөңгеленіп, терісі бұжырланған, қоңыр болады. Бездің осы бөлігі

бірыңғай салалы бұлшықеттер мен сезгіш нерв ұштарына бай. Бұлшықеттердің жиырылуынан емізік үшкірленеді, ал бала емгенде емізік ұшындағы нерв ұштарының тітіркенуінен сүт шығады. Сүт безі 15 – 20 конус тәрізді бөліктерден, ал әр бөлік бөлікшелерден тұрады. Безді бөлікшелердің сүт бездері бар. Олар емізіктің ұшындағы тесіктерге ашылады. Бөлікшелердің аралығында және тері астында май тіні бар, олардың сыртын дәнекер тінді қабық қаптап тұрады. Сүт безі құрылысы, типі жағынан күрделі, ұяшықты – түтікті без.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет