Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар


Меншікті тамырлы қабық, choroidea



бет157/180
Дата07.01.2022
өлшемі152,77 Kb.
#18009
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   180
Байланысты:
2 сем

1.Меншікті тамырлы қабық, choroidea - тамырлы қабықтың артқы үлкен бөлімі. Акомодация кезінде ол үнемі жылжып тұрады, сондықтан бұл жерді екі қабық арасында саңылау тәрізді лимфалық кеңістік пайда болады.

2.Кірпікті дене, corpus ciliare - тамырлы қабықтың алдыңғы жуан бөлігі, циркулярлы буылтық түрінде ақ қабықтың ауысатын жерінде орналасқан. Кірпікті дененің кірпікті шеңберінің алдында 70 шақты жіңішке радиарлы жатқан, ақшыл түсті кірпікті өсінділер болады, олар сұйықтық - камералар ылғалын бөліп шығарады. Аккомодациялық бөлік кірпікті дене қабатында - кірпікті өсінділерден сыртқа қарай жататын еріксіз бұлшық еттен түзіледі. Бұл бұлшық ет үш бөлікке бөлінеді: сыртқы – меридионалды, ортаңғы –радиал- ды, ішкі – циркуярлы. Бұлшық еттің негізгі бөлігі - меридионалды талшықтар, ақ қабықтан басталып артқы жағында меншікті тамырлы қабықпен аяқталады. Көзді жақын қашықтыққа аударғанда олар жиырылып, меншікті тамырлы қабықты керіп, көзбұршақтың қапшығын босаңсытады – бұл аккомодация деп аталады. Циркулярлық талшықтар кірпікті өсінділердің алдыңғы бөлігін жылжыта отырып, аккомодацияға көмектеседі, сол себепті аккомодация аппаратына көп салмақ түсетін алыстан көргіштерде күшті дамыған. Бұлшықет талшықтары балаларда көбіне меридионалды талшықтардан, ал қарттарда циркулярлы талшықтардан тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет