Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет29/180
Дата07.01.2022
өлшемі152,77 Kb.
#18009
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   180
Мұрын қуысы, cavitasnazi– тыныс алу жолының басталатын жері және онда иіс сезу мүшесі орналасқан. Мұрын қуысы алдыңғы жағында танаулар арқылы сыртқы ортамен, ал артқы жағында хоандар арқылы жұтқыншақпен байланысады. Мұрын қуысының құрылысына сүйектерден басқа шеміршектер де қатысады. Мұрын қуысы мұрын қалқасы арқылы екі симметриялы жартыға бөлінген. Мұрын қуысының әр жартысының бүйір қабырғасында үш мұрын қалқаны бар: жоғарғы, ортаңғы, төменгі. Олардың аралығынан жоғарғы, ортаңғы және төменгі мұрын жолдары өтеді. Мұрынның шырышты қабығында жұтатын ауаны өңдейтін бірнеше құрылым бар:

  1. Кірпікшелі эпителий – тұтас кілемше түзіп, оған шаң-тозаң шөгіп қалады. Олар толқынды жыбырлап, шөккен шаң-тозаң мұрын қуысынан шығарылады.

  2. Шырышты бездер орналасқан. Олардың секреті шаң-тозаңды орап, оны шығарып тастайды, ауаны ылғалдандырады.

  3. Вена тамырларына бай – олар ауа ағынын жылытады.

Бұлар ауаны механикалық жағынан өңдейді және ортаңғы және төменгі мұрын қалқандары мен жолдарында орналасқан. Сондықтан мұрын қуысының бұл бөлігі тыныс алу бөлігі деп аталады. Мұрын қуысының жоғарғы бөлігінде иіс сезу жасушалары бар, сондықтан бұл бөлігі иіс сезу аймағы деп аталады.

Мұрын жанындағы қойнаулар – ауаны қосымша желдету және дыбыс резонаторы

қызметін атқарады. Олар 4-еу және бәрінің жолы мұрын қуысына ашылады.


  1. Жоғарғы жақ сүйек қойнауы (гаймор қуысы) – ортаңғы мұрын жолына

  2. Маңдай қойнауы – ортаңғы мұрын жолына

  3. Торлы сүйек ұяшықтары – ортаңғы және жоғарғы мұрын жолына

  4. Сына тәрізді қойнау – жоғарғы мұрын жолына ашылады.

Төменгі мұрын жолына мұрын – көз жас өзегі ашылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет