Кеңірдек, trachea-көмейдің жалғасы ретінде VI мойын омыртқа деңгейінде басталып, V кеуде омыртқасы деңгейінде аяқталып, сол жерде екі – оң және сол жақ бронхқа бөлінеді: кеңірдектің бөлінетін жері кеңірдек айырығы деп аталады. Кеңірдектің ұзындығы 9-11см, орташа көлденең диаметрі 15-18мм.
Кеңірдектің топографиясы. Мойындық бөлімі жоғары жағынан қалқанша безбен қамтылған, артқы жағынан өңешке жанасады, ал бүйір жақтарында жалпы ұйқы артериялары орналасады.
Кеңірдектің құрылысы. Кеңірдек қабырғасы сақиналы байламдармен қосылған 16-20 толық емес шеміршекті сақиналардан тұрады. Әрбір сақина шеңбердің 2/3 бөлігін ғана алып жатады. Ал кеңірдектің артқы 3/1 бөлігі көлденең және бойлық бірыңғай салалы бұлшық ет талшықтарынан тұрады, олар тыныс алғанда, жөтелгенде кеңірдектің қозғалуына көмектеседі. Кеңірдектің шырышты қабығы кірпікшелі эпителиймен жабылған және лимфа тіні мен шырышты бездерге бай.
Достарыңызбен бөлісу: |