Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар


Нерв жүйесінің жетекші қызметі мен нейрогуморальдық реттелуі арқылы организм біртұтасқа бірігеді. Нерв жүйесі организм мен сыртқы ортаны да біріктіреді



бет122/180
Дата07.01.2022
өлшемі152,77 Kb.
#18009
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   180
Байланысты:
2 сем

Нерв жүйесінің жетекші қызметі мен нейрогуморальдық реттелуі арқылы организм біртұтасқа бірігеді. Нерв жүйесі организм мен сыртқы ортаны да біріктіреді.

Нерв жүйесі қызметінің негізін рефлекс доғасы құрайды. Ол былай құралған: доғаның I -ші (сезімтал) нейроны жұлын түйіні жасушаларынан тұрады. Олардың шеткі өсінділері мүшелер мен тіндерде рецептор түрінде басталып, нервтер құрамында өтеді, ал орталық өсінділері артқы түбіршектер құрамында жұлынға енеді. Әр орталық өсінді жұлын ақ затына еніп, T тәрізді екі – жоғары көтерілетін және төмен түсетін тармаққа бөлінеді, олардан бірнеше бүйір тармақшалар (коллатералдар) шығады да, барлығы бірнеше көрші сегменттердің артқы мүйіздерінде және алдыңғы дәнекерде аяқталады. Бұл жерде жатқан жасушалар қарапайым рефлекс доғасының II-ші (жалғастырушы) нейронын құрайды. Олардың өсінділері де жоғары көтерілетін және төмен түсетін тармақтарға бөлінеді де, бірнеше сегменттердің алдыңғы мүйіз жасушаларында аяқталады. Олар III-ші (эфферентті, қозғалтқыш) нейронды құрайды, оның өсіндісі жұлыннан алдыңғы түбіршік құрамында шығып, одан әрі нервтер құрамында эффекторға жетеді. Қарапайым рефлекс доғасы осындай (жалғастырушы) нейрондармен, ал олардың тармақтары арқылы көптеген нейрондармен байланысады, сол себепті дененің бір нүктесіндегі тітіркену тиісті сегментке ғана емес, басқа да көрші сегменттерге беріледі. Соның нәтижесінде қарапайым рефлекс кең тарап, жауап реакцияға бұлшық еттердің үлкен тобы қатысады.

Жұлында аралық нейроны жоқ екі мүшелі доғалар да болады. Оның мысалы: бүгілген аяқты кішкене балғамен соққанда тізенің сіңірлі рефлексі пайда болады. Бұл кезде тітіркену сіңір рецепторынан жұлын түйініндегі сезімтал нейронның шеткі өсіндісіне беріледі, оның орталық өсіндісі артқы түбіршік құрамында жұлынға енеді де, алдыңғы мүйіздің сұр затына жетіп, оның жасушаларында аяқталады, олар II-ші, қозғалыс нейронын түзеді, оның өсінділері алдыңғы түбіршік және одан әрі бұлшықет нерві құрамында бұлшық еттегі эффекторға барады. Соның нәтижесінде санның 4-басты бұлшық еті сіңірін балғамен соққанда жауап ретінде бұлшық ет жиырылып, сирақ рефлексті түрде жазылады.

Ми дамыған сайын оның жұлынмен екі жақты байланыстары дамып, соның арқасында мидың әр жаңа қабаты пайда болуымен қатар онымен байланысқан афферентті және эфферентті нейрондар көбейеді. Рефлекс доғасы күрделеніп, оның әр бөлігіндегі бір нейрон орнына афферентті және эфферентті өткізгіш жолдар түзетін нейрондар тізбектері пайда болады. Демек, нерв жүйесіндегіөткізгіш жолдар деп оның әртүрлі бөлімдерін байланыстыратын және құрылысы мен қызметі ортақ будалар жүйесіне біріккен, бірінің жанына бірі тығыз орналасқан нерв талшықтарын айтады. Өткізгіш жолдар организм бірлігі мен оның ортамен байланысын қамтамасыз етеді. Адамда бір мезгілде көне де, жаңа да өткізгіш жолдар болады. Соның арқасында жұлын мидың барлық бөлімдерімен байланысады:сопақша мимен, мишықпен, ортаңғы мимен, алдыңғы мимен, үлкен ми қыртысымен.

Өткізгіш жолдар импульсты өткізу бағытына қарай екі үлкен топқа бөлінеді: 1) афферентті; 2) эфферентті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет