Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар


V-ші жұп, үшкіл нерв, n.trigeminus



бет138/180
Дата07.01.2022
өлшемі152,77 Kb.
#18009
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   180
V-ші жұп, үшкіл нерв, n.trigeminus, аралас қызмет атқарады.Сезімтал талшықтары бет пен бастың алдыңғы бөлігінің терісін нервтендіреді, ал қозғалтқыш талшықтары шайнау бұлшықеттерін және ауыз қуысы түбі бұлшық еттерін нервтендіреді.Оның құрамында бет қуыстары аймағында жататын бездерге баратын секрециялық талшықтар өтеді.Аралас болғандықтан, оның 4 ядросы бар : оның 2 сезімтал және 1 қозғалыс ядросы артқы мида, ал 1 сезімтал ядросы ортаңғы мида орналасқан. Самай сүйегі пирамидасының алдыңғы бетінде үшкіл нерв түйіні пайда болып, нерв осы жерде 3 тармаққа бөлінеді : 1) көз тармағы, 2) жоғарғы жақ сүйек нервісі, 3) төменгі жақ сүйек нервісі.

  1. Көз нервісі ми сауытынан көз ұясына жоғарғы көз саңылауы арқылы шығып, 3 тармаққа бөлінеді : 1. Маңдай нерві - маңдай терісіне, жоғарғы қабақ пен көздің медиалды терісінің бұрышына тармақ береді. 2. Көзжас нерві, көзжасы безіне барып, одан өтіп, көздің латералды бұрышының конъюктивасы мен терісінде аяқталады, ол бетсүйек нервімен қосылады. 3. Мұрын – кірпік нерві мұрын қуысының алдыңғы бөлігін, көз алмасын, көздің медиалды бұрышының конъюктивасы мен көз жасы қапшығын және терісін нервтендіреді. Одан кірпік түйініне байланыстырушы тармақ кетеді. Көз нерві ІІІ, IV, VI нервтермен байланысып, көз бұлшықеттерінің сезімтал иннервациясын іске асырады.

  2. Жоғарғы жақ сүйек нерві- дөңгелек тесік арқылы бас сүйек қуысынан қанат- таңдай шұңқырына шығады. Оның тармақтары : 1. Бетсүйек нерві- ұрт пен самай аймағының терісін нервтендіреді. 2. Жоғарғы ұяшықты нервтер – жоғарғы тістер мен қызыл иекті нервтендіреді. 3. Түйіндік тармақтар- мұрынның және таңдайдың шырышты қабығының бездеріне барады.

Төменгі жақ сүйек нерві сопақ тесік арқылы бас сүйек қуысынан шыққаннан кейін екі тармаққа бөлінеді : 1. Бұлшық еттік тармақтары- шайнау бұлшық етін, дабыл жарғағын, жұмсақ таңдайды, самай бұлшық еттерін нервтендіреді. 2. Сезімтал тармақтар- ұрттың шырышты қабығын, тілдің үстін, шеке терісін, құлақ қалқанын, есту тесігін және есту түтігін нервтендіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет