Бұлшықетті қабық, tunica muscularis, астың араласып- жылжуына көмектесетін бірыңғай салалы бұлшықеттерден тұрады, қап түріндегі асқазан пішініне сәйкес үш қабатта орналасады: сыртқы қабат - бойлық, ортаңғы қабат - дөңгелек және ішкі қабат қиғаш бағытта орналасады. Бойлық талшықтар өңештің осындай талшықтарының жалғасы. Дөңгелек қабат бойлық қабатқа қарағанда айқындау білінеді. Асқазанның шығаберісі бағытына қарай дөңгелек қабат қалыңдап, қақпа мен 12-елі ішек арасындағы шекарада қақпа қысқышын, m.sphincter hylori түзеді. Сфинктерге сәйкес келетін қақпа жапқышы қақпа қысқышы жиырылғанда асқазан қуысын 12-елі ішек қуысынан мүлде бөледі.
Қиғаш талшықтар будаларға жиналады. Қиғаш бұлшықеттер асқазанның алдыңғы және артқы беттерімен қиғаш өтіп, жиырылған кезде оның үлкен иінін өңеш тесігіне қарай тартады.