Қабақтар, palpebrae (грекше blepharon, осыдан қабынуы – блефарит) – көз алмасын алдынан қорғайды. Жоғарғы қабақ төменгі қабақтан үлкендеу, оның үстіңгі шекарасы қас – маңдаймен шекарада жататын қысқа түктері бар тері жолағы. Қабақтардың бос жиегі арасында көз саңылауы жатады. Көз саңылауының латералды бұрышы сүйір, ал медиалды бұрышы дөңгеленген және ол көзжас көлін түзеді. Оның ішінде май тіні мен нәзік түкшелерімен қоса ұсақ бездері бар көзжас бұлшықеті көрінеді.Екі қабақтың бос жиегі алдыңғы және артқы қырлармен шектелген. Алдыңғы қырдың артқыжағынан қабақ жиегінен бірнеше қатар қысқа қатты түктер – кірпіктер,cilia өсіп шығады, олар көздің ішіне бөгде зат түсіп кетуінен қорғайды.
Әр қабақтың негізі тығыз дәнекер тінді табақшадан тұрады немесе шеміршек деп аталады. Шеміршектер қабатында ұяшықтары бар бойлық түтікті жолдардан тұра –тын май бездері бар, олар қабақ жиектерін майлайды. Жоғарғы шеміршектерде – 30 – 40, төменгіде 20 – 30 май бездері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |