ІІІ.Торлы қабық, retina - көз алмасының үш қабығының ең ішіндегісі, ол тамырлы қабыққа қарашыққа дейін жанасып жатады. Ол 2 бөліктен тұрады: 1) сыртқы - пигментті; 2) ішкі – нервті бөлік. Ішкі нервті бөлік өзінің қызметі мен құрылысы жағынан екі бөлімге бөлінеді: 1) Артқы бөлімде (көру бөлік) сауытшалар мен таяқшалар деп аталатын жарық сезгіш элементтер бар да, ал алдыңғы бөлімінде (соқыр бөлік ) олар болмайды.
Көздің ішкі ядросы мөлдір жарық сындырғыш орталардан: шыны тәрізді денеден, көзбұршақтан және көздің тамырсыз түзілістерін қоректендіруге арналған көз камераларын толтырып тұратын сулы ылғалдан тұрады. Шыны тәрізді дене мен көзбұршақ кескінді торлы қабықта құруға арналған.