Есту ағзасы
Сыртқы құлақ, auris externa, құлақ қалқаны мен сыртқы есту өтісінен тұрады.
Құлақ қалқаны, auricula, сырты терімен қапталған серпімді шеміршектен түзілген, сыртқы пішіні мен шығыңқы жерлері шеміршекке байланысты; Бос қайырылған жиегі – құлақ шиыршығы – helix, оған параллель қарсы шиыршық – antihelix, алдыңғы томпақ – құлақ бүртігі, tragus және оның артында жатқан құлаққа қарсы бүртік antitragus деп аталады. Төменгі жағында шеміршексіз құлақ сырғалығымен аяқталады. Қалқанның тереңінде құлақ артында сыртқы дыбыс жолы тесігі ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: |