1.Кіреберіс, vestibulum, лабирмнттің орталық бөлімін құрайды, ол арт жағынан жартылай дөңгелекті өзектердің бес тесігемен, алдынан кеңдеу бір тесік арқылы ұлу өзегімен жалғасатын кішкене, сопақша пішінді қуыс, ондағы сопақша тесікті үзеңгі сүйегі жауып тұрады.
2.Сүйекті жартылай дөңгелекті өзектер, сanalis semicircularis ossei – өзара перпендикуляр жазықтықта орналасқан 3 доға тәрізді сүйекті жолдар: алдыңғы, артқы және латералды. Олардың әрқайсысы жартылай шеңберге ұқсайды, әр өзекте екі аяқшадан бар, алайда олар кіреберіске тек бес тесікпен ашылады, өйткені алдыңғы және артқы өзектердің көрші шеттері бір ортақ аяқшаға бірігеді. Әр қуыс аяқшаларының біреуі кіреберіске құяр алдында ампула деп аталатын кең жер түзеді.
3.Ұлу, cochlea, иірімді сүйекті өзектен түзіледі, ол кіреберістен бастап екі жарым оралым жасап, ұлу қабыршағына ұқсап оралады. Ұлудың бірінші оралымы – негізгі, екінші оралымы – ортаңғы бөлігі, үшіншісі – ұлудың ұшы деп аталады. Ол дабыл қуысына қараған. Айналасында ұлу жолдары оралатын сүйекті білік горизонталды жатады да moduolis, білік деп аталады. Ұлу өзегі қуысына оның барлық айналымдары бойында біліктен сүйекті табақша кетеді. Бұл табақша ұлу түтігімен бірге ұлу өзегі қуысын екі сатыға бөледі: 1)кіреберіс сатысы кіреберіспен жалғасады; 2) дабылды сатысы ұлу терезесі арқылы дабыл қуысына ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: |