Жатыр,uterus( грекше-metra s.hystera)-қуыс бұлшық етті ағза, кіші жамбас астауында, қуық пен тік ішіктің арасында орналасқан. Жатыр түтігі арқылы жатыр қуысына келген аналық жасуша ұрықтанса, осы жерде одан әрі туғанға дейін дамиды. Көбею қысметінен басқа ол етеккір қызметін де атқарады.Жатырдың пішіні алмұртқа ұқсас, оның денесі, түбі және мойны бар.Жатырдың алды қуыққа, арты тік ішекке қараған беті бар.Жатырдың беттері бір-бірінен оң және сол жатыр шеттері арқылы бөлініп тұрады.Жатырдың ішінде жатыр қуысы, ал оның мойнында жатыр мойнының өзегі бар. Жатырдың денесі конусқа ұқсас, төменінінде жатырдың мойнына өтеді. Жатырдың денесінің мойнына өткен жері тарылып, оның қылтасы пайда болады. Жатырдың мойнының төменгі бөлігі қынаптың, жоғарғысы қынап үстілік болып бөлінеді. Жатыр мойнының қынаптық бөлігіндегі өзектін тесігі қынап қуысына ашылады. Бұл тесік қызда дөңгелек, ал бала туған әйелде жиектерінде бітіп кеткен жарықтары бар көлденең саңлау пішінді болады. Жатыр мойнының тесігі алдыңғы және артқы еріндермен шектелген.