Аяқтың артерия қан тамырлары.
Іш қолқасы 4-ші бел омыртқа тұсында оң және сол жалпы мықын артериялары болып екіге тармақталады. Іш қолқасының кіші астау бөлігінің жалғасы орталық сегізкөз артериясы. Орталық сегізкөз артериясы – іш қолқасының екі жалпы мықын артериясына бөлінген жерінен басталып, сегізкөз, құймышақ аймағындағы бұлшық еттерді қоректендіреді.
Оң және сол жалпы мықын артериялары – сегізкөз - мықын буынының тұсында ішкі және сыртқы мықын артерияларына тармақталады.
Ішкі мықын артериясы – бел бұлшық етінің бойымен төменге бағытталып кіші астауға кіреді. Кіші астаудағы мүшелердің қабырғасын қанмен қоректендіретін алдыңғы және артқы тармақтар шығады.
Ішкі мықын артериясының висцералды тармақтары:
1. Кіндік артериясы – несеп ағар түтігін, қуықтың жоғарғы бөлігін, шәует қуықшасын, оның жолдарын қоректендіреді.
2. Жатыр артериясы – жатырды, оның қынабын, жатыр түтігін, анабезді қанмен қоректендіреді.
3. Ортаңғы тік ішек артериясы – тік ішектің төменгі бөлігін, қуық асты безін, шәует қуықшаларын қанмен қоректендіреді
4. Ішкі жыныс артериясы – тік ішектің төменгі бөлімін, несеп шығаратын өзекті, шат пен қынапты (әйелдерде), сыртқы жыныс мүшелерін қоректендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |