Ішкі мықын артериясының қабырға қасылық тармақтары:
1. Мықын - бел артериясы – арқаның бел бөліміндегі және іштің бұлшық етін қоректендіреді.
2. Жоғарғы сегізкөз артериясы – сегізкөз өрімінің нерв сабауларын қанмен жабдықтайды.
3. Жоғарғы және төменгі бөксе артериясы – бөксе бұлшық еттеріне барады.
4. Жапқыш артериясы – жапқыш тесікке барады, сол арқылы санға шығады. Сыртқы жапқыш бұлшық етті, аддукторларды және ортан жіліктің басын қоректендіреді.
Сыртқы мықын артериясы - аяқты қанмен қоректендіретін, тармақтар шығаратын ең ірі артерия, ол сегізкөз - мықын буыны деңгейінде басталып, бел бұлшық етінің шетімен шап байламына дейін төмен және алға қарай созылып санға шыққанда сан артериясы деп аталады. Ол бел бұлшық етіне шығатын тармақтардан басқа екі ірі тармақ береді.
1. Төменгі құрсақ үсті артериясы – қасаға симфизі мен атабезге және атабезді көтеретін бұлшық етке барады.
2. Мықын сүйегін орап жататын терең артерия – іштің көлденең бұлшық еті мен мықын бұлшықетінқоректендіреді.
Сан артериясы – сыртқы мықын артериясының жалғасы, сады бүгуші, жақындатушы бұлшық еттердің арасымен төмен түсіп, тізе асты шұңқырына өтіп сол жерде тақым артериясына жалғасады.
Сан артериясының тармақтары:
1. Беткей құрсақ үсті артериясы – тері асты мен кіндік аймағына кетеді.
2. Мықын сүйектің беткей айналма артериясы – алдыңғы жоғарғы мықын қылқаны аймағындағы теріге кетеді.
3. Сыртқы жыныс артериялары – сыртқы жыныс мүшелеріне – ұмаға немесе үлкен жыныс ернеулеріне барады.
Достарыңызбен бөлісу: |