Үш өлшемді графика. Үш өлшемді графиканың негізі векторлық графика болып табылады. Мұнда бейнелер компьютер жадысында құраушы объектілер түрінде сақталады. Объект 3-өлшемді болуы үшін оның бетін каркастық құрылғы ретінде үш өлшемді координата x,y,z түрінде және кеңістіктегі түйіндік нүктелер арқылы тұрғызу қажет.
Растрлық, векторлық, үш өлшемді графика статистикалық және динамикалық болып бөлінеді.
Динамикалық үш өлшемді графика кинематографияда кеңінен қолданылады. Ал екі өлшемді графика x,y координатты графика мультфильмдерде және веб-беттерін өңдеуге қолданылады.
Бақылау сұрақтары: 1.Компьютерлік графика қандай түрлерге бөлінеді?
2.Векторлық графика деп қандай графиканы айтамыз?
3.Растрліқ графика деп қандай графиканы айтамыз?