Дәріс №2. Педагогиканың әдіснамалық негіздері. Педагогиканың аксиологиялық негіздері


Дәріс №5. Ұжым-тәрбие құралы. Тәрбие үдерісінде тұлғаны қалыптастыру



бет4/6
Дата16.09.2023
өлшемі27,42 Kb.
#107991
1   2   3   4   5   6
Дәріс №5. Ұжым-тәрбие құралы. Тәрбие үдерісінде тұлғаны қалыптастыру
Оқушылар ұжымы-тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымынан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.
Осы жағдай талабына сай ұжым балаларды қоғамдық өмір мен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралына айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін, жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.
Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері: А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский аса зор көңіл аударып зерттеді.
А.С.Макренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетті: Ұжым тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды; Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді; Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі; Ұжымның өзін - өзі басқару органдары және өкілдері- ұйымастырушылары болады.
Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін айқындаған А.С.Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекетінің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара-қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты.Бірінші кезеңдеоқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдай бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғарғы сыныптарында болуы мүмкін.Екінші кезеңдеұжым өзін-өзі басқаруға, яғни сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарына көшеді. Үшінші кезең- бұдан былай белсенді топтың және ұжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі.
Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі- ұжым алдындағы мақсатты-перспективаны таңдау. Жақын перспектива. Орта перспектива. Қашық перспектива.
Жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру дегеніміз:отанына берілгендігі, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауға дайындығын, бейбітшілік үшін, халықтардың достығы мен ынтымағы үшін, еңбекшілердің бақыты үшін арнаулы даярлықта тәрбиелеу;ғылым, мәдениет, техника саласындағы білімдер жүйесін және өндірісті ұйымдастырудың даму жағдайларын игере білуін тәрбиелеу;адамгершілік қасиеттерді барынша құрметтеушілік, адамдарға деген қамқорлық жасау және оларға ілтипатпен қараушылық, жолдастық пен адалдық, шыншылдық, жауапкершілік сезімдерге тәрбиелеу;еңбекте адал қарым- қатынасын, қоғам игілігі үшін материалдық өндіріс саласында еңбек етуге даяр болуы, еңбек ету қажеттілігін түсінуге, еңбек адамын құрмет етуге тәрбиелеу;әсемдікті барынша сезіне білуді, шын көріктілікті жасандылықтан ажырата білуді, музыкаға, өнерге, әдебиетке ынтасын үнемі жетілдіруге талпынысын, құштарлығын, табиғатты сүюге тәрбиешілерді тәрбиелеу;денсаулығы мықты және дене құрылысы жақсы дамыған, дене шынықтырумен /спортпен/ үнемі шұғылданатын адамды тәрбиелеу;табиғатты қорғау, оның байлығын көздің қарашығындай сақтау, адам өмірінің бастауы -жер, су, ауа, аң, өсімдіктерді
Оны жүзеге асырудың жолдары мен шарттары бар. Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады. Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл – ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық сезім, талғамы артады... Соған сәйкес мектеп тәрбие беру ісін бірыңғай мақсатты, жүйелі түрде ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.
Тәрбие мақсатына сай бұл мәселелерді ұйымдастыру немесе жүзеге асыру тәрбиенің салаларыақыл – ой тәрбиесі, азаматтық тәрбие, адамгершілік тәрбиесі, эстетикалық және дене, экологиялық т.б көптеген тәрбие міндеттерін жүзеге асыру негізінде атқарылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет