Дәріс №2. Педагогиканың әдіснамалық негіздері. Педагогиканың аксиологиялық негіздері


Дәріс №6. Дидактика-педагогикалық ғылымдар жүйесінде. Оқытудың заңдылықтары мен принциптері



бет5/6
Дата16.09.2023
өлшемі27,42 Kb.
#107991
1   2   3   4   5   6
Дәріс №6. Дидактика-педагогикалық ғылымдар жүйесінде. Оқытудың заңдылықтары мен принциптері
Дидактика - педагогика ғылымының жетекші салаларынын бірі. Дидактика оқыту мен білім берудің теориясы болғандықтан оның негіздерін талдайды. Дидактиканың қарастыратын басты мәселелері: оқытудың заңдылықтары мен үдерістері, оның мақсаты, білімдендіру мазмұнының ғылыми негіздері, әдістемелері, оқытудың формалары мен құралдары. Жалпы педагогиканың қарастыратын негізгі мәселелері-барлық пәндерге ортақ және оның деңгейіне үйлесімді тәсілдері мен жолдары және оқытудың мақсатына қарай нені оқыту мен қалай оқытудың теориялық негіздері болып табылады. Сондай-ақ жалпы педагогика жеке пәндерді оқыту мен білім беру әдістерін қоса қамтып, яғни бастауыш мектеп, орта оқу орындары мен жоғары мектептерде білім беру жолдарын бірлікте зерттейді. Жинақтай айтқанда, жалпы педагогика жеке пәндерді оқытудың теориялық негіздерін білгізумен қатар, сол жүйеде жүргізілген ғылыми зерттеу нәтижелеріне сүйеніп нақты тұжырымдық қорытынды жасайды. Дидактиканың негізгі міндеті: біріншіден, оқыту үдерісін түсіндіру, сипаттау және оны меңгеру мен жүзеге асыру жолдарын көрсету, екіншіден, оқыту үдерісін ұйымдастырудың тиімді жолдарын, амал-тәсілдерін, ең жаңа жетілген технологиялық жүйелерді білгізу.
Дидактиканың объекті, пәні, қызметтері және міндеттері. Дидактиканың категориялары. Дидактиканың негізгі мәселелері. Дербес әдістемелерді дидактикадан бөліп алу және оның олардың дамуына ықпалы. Үздіксіз білім беру жағдайындағы дидактиканың ролінің артуы.
Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері. Оқытудың мәні мен құрылымының қазіргі кездегі түсінігі.
Оқыту- екі жақты үдеріс. Іс-әрекет оқытудың мәндік сипаттамасы. Тұтас оқыту үдерісіндегі оқу-оқушының танымдық іс-әрекеті. Оқыту үдерісінде кіші мектеп жасындағы оқушылардың өз бетінділігін қалыптастыру. Оқыту функциялары. Білім беру. Тәрбиелеу. Дамыту. Оқыту функцияларының арақатысы. Оқыту түрлері.Түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту.Проблемалық оқытуБағдарламалап оқыту.Оқытудың қозғаушы күштері. Дамыта оқыту туралы түсінік. Оқыту үдерісінің тиімділігінің көрсеткіштері.

Дидактикалық процестің негізін құрайтын аса маңызды және негізгі заңдылықтар мен заңдар оқу принциптері немесе дидактикалық принциптер деп аталады.Принцип-латын сөзі - негізгі, бастапқы деген ұғымды білдіреді. Оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін оқыту процесінің принциптері деп атайды. Принциптер арқасында оқу процесіне қатысы бар көптеген заңдылықтардың мән-мағынасы ашылады, мұғалімдер мен оқушылардың қызметтері реттеледі, барлық оқу пәндерін өтуде және оқудың барша кезеңдерінде олар өздерінің жалпы мәнін сақтайды. Принциптер дидактикалық процестің біртұтас концепциясын құрай отырып, табиғи бірлікте әрекетке келеді.


Оқудың дәстүрлі теориясында аса танымал болғандары келесі дидактикалық принциптер: Оқытудың ғылымилық принципі; Жүйелілік және бірізділік принципі; Саналылық пен белсенділік принципі; .Көрнекілік принципі; Оқытудағы білімнің беріктігі принципті. Түсініктілік принципі. Оқытудың мақсаттылық принципі; Ізгілендіру принципі; Проблемалық принцип; Интеграциялау принципі; Теория мен практиканы байланыстыру принципі; Оқудың өмірмен ұштастық принципі; Ынталандыру принципі; Ұнамды көңіл-күй сақтау принципі; Педагогикалық процестің бағыттылық принципі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет