Дәріс №2. Педагогиканың әдіснамалық негіздері. Педагогиканың аксиологиялық негіздері


Дәріс №7. Қазіргі білім берудің мазмұны. Қазіргі оқытуды ұйымдастырудың формалары



бет6/6
Дата16.09.2023
өлшемі27,42 Kb.
#107991
1   2   3   4   5   6
Дәріс №7. Қазіргі білім берудің мазмұны. Қазіргі оқытуды ұйымдастырудың формалары
«Білім беру мазмұнының мәні» түсінігі. Білім берудің мазмұнын қалыптастырудың негізгі теориялары. Жалпы білім берудің мазмұнын таңдап алудың принциптері мен критерийлері. Білім беру мазмұны құрамаларына сипаттама. Қазақстан Республикасы Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. 2011-2020 жылдардағы Қазақстан республикасындағы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Мемлекеттік білім беру стандарты. Білім беру мазмұнын белгілейтін нормативтік құжаттар.
Қазіргі кезеңдегі білімнің мазмұнын айқындауға қойылатын басты бағдарлардың бірі- мемлекеттік стандартбылайша айтқанда, мемлекеттік жүйедегі бірыңғай норма мен талапты жүзеге асыру міндетін шешу. Білім бағдарламасы. Білім бағдарламасы дегеніміз берілетін білімнің деңгейі мен мазмұндық бағдарын айқындайтын білімдік жүйе. Мұнда ұстанатын бағдар оқушыға берілетін жалпы және кәсіби білімнің құрылымына кіретін мектепке дейінгі дайындық, бастауыш мектеп, жалпы орта білім мен кәсіби орта білім. Білімнің мазмұнын айқындауда оқулық, оқу құралы және әдістемелік әдебиеттермен қатар түрлі құжаттардың ішінде оқу жоспарының атқаратын қызметі ерекше. Орта оқу орындарына арналған оқу жоспарында - оқытылута тиісті жеке пәндердің және оның қай жылы, қандай көлемде, неше сағат оқылатындығына орай апталық сағат көлемі белгіленеді. Мемлекеттік ресми мекемелер оқу орындарының аймақтық ерекшеліктеріне және оқытудың бағдарына байланысты оқу жоспарының түрлі варианттарын жасайды. Оқу бағдарламасы - жеке оқу пәнінің мән-мазмұнын сипаттайтын құжат. Бағдарламада сол пән бойынша оқытылатын тақырыптардың деңгейі мен оның мазмұны, қандайлық көлемде оқылатын мазмұндық көлем мөлшері сипатталады. Осы пәнді оқу барысында оқушының алатын білімі, білігі, дағды деңгейі қамтылады. Сондай-ақ оқылатын пәнге байланысты қолданылатын құралдар мен оған жасалатын бақылау және әдістемелік кеңес пен нұсқаулар көрсетіледі. Бұл құжат мектептегі пән мұғалімінің басшылыққа алатын негізгі құжаты. Оқу пәні - білімдік мақсатқа жету жолында дидактикалық тұрғыдан жан-жақты сұрыпталған белгілі саладағы ғылымның негізі. Мұндағы басты мақсат тиісті ғылым, өнер, іс-әрекет туралы оқушыға тиянақты мағлұмат беріп, оның теориялық және қолданбалы негіздерін танытып білгізу.
Оқытуды ұйымдастыру формалары-тұтас жүйенің элементі. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларына сипаттама. Оқу формалары қозғалысты, қоғам, өндіріс, ғылымның даму деңгейіне тәуелді пайда болады, өрістейді, бір-бірімен ауысып отырады. Әлемдік білім тәжірибесі тарихында әрқилы оқу жүйелері қалыптасып, олардың әрқайсысы өзіне ыңғайлы оқу формаларына сәйкес қолданылған.
Алғашқы адамзаттық қауымның өзінде-ақ тәжірибені бір адамнан екіншіге, ересектен жас әулет өкіліне өткізу мақсатында жеке-дара оқыту жүйесі іске асырылды. Бірақ мұндай жолмен көп санды оқушы қамту мүмкін болмады. Қоғамның бұдан былайғы дамуы сауатты адамдардың көп болғанын қажет етті. Осыдан жеке-дара оқыту басқаша ұйымдастыру формаларымен ауыса бастады. Дегенмен, жеке-дара оқыту өз маңызын осы күнге дейін жоғалтпастан, репетиторлық, тьюторлық, менторлық, гувернерлық оқу формаларында қолданым табуда. Топтық оқыту. Сынып-сабақтық жүйе. Белл-ланкастерлік жүйе. Батав жүйесі. Мангейм жүйесі. Жобалап оқыту жүйесі. Трамп жоспарымен оқу жүйесі.Сабақ-мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабақтың типтері және құрылымы.Жаңа білім меңгеру сабағы.Іскерлік пен дағдыны қалыптастырып дамыту сабағы. Алынған білімді жүйеге келтіріп тұжырымдау сабағы.Кайталау, пысықтау сабағы.Тексеріп алған білім сапасын айқындау.Аралас сабақ.Жинақтап қорыту сабағы.
Сабақ- оқу пәнін оқыту, оқушы тұлғасын қалыптастыру мен дамыту жүйесінде. Сабақтың тиімділігін арттыру жолдары. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларына сипаттама. Сабақты дайындау мен өткізудегі мұғалімнің ролі.
Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар. Сабақта ынтымақтастық, қарым-қатынас күйін тудыру. Сабақты талдау және өзіндік бағалау. Дәстүрлі емес сабақтар.
Шындықты тікелей танудағы оқытуды ұйымдастырудың формасы ретіндегі экскурсияның маңызы. Экскурсияның түрлері. Экскурсияны таңдауға, өткізуге қойылатын талаптар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет