Дәріс №2. Педагогиканың әдіснамалық негіздері. Педагогиканың аксиологиялық негіздері


Дәріс №3. Оқушы тұлғасы-тәрбиенің объекті және субъекті. Дамудың жас және жекелік ерекшеліктері



бет2/6
Дата16.09.2023
өлшемі27,42 Kb.
#107991
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ä?ð³ñ ¹2. Ïåäàãîãèêàíû? ?ä³ñíàìàëû? íåã³çäåð³. Ïåäàãîãèêàíû? àêñ

Дәріс №3. Оқушы тұлғасы-тәрбиенің объекті және субъекті. Дамудың жас және жекелік ерекшеліктері
Педагогикалық антропология-тәрбиенің философиялық негізі. Тұлға дамуының қазіргі кездегі теориялары.
Тәрбиенің негізгі мақсаты - қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан -жақты үйлесімді дамуы.Жекетұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биологиялықфакторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыпта-суының факторлары туралы идеялар келесідәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалык, пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э. Роттердамский, Я. А. Коменский, К. А. Гельвеций, Д. Дидро, А. Дистерверг, К.Д. Ушинский, В.Г, Белинский, Н.Г. Чернышевский, К.Маркс, Ф.Энгельс, 3.Фрейд, Д.Дьюи, Э.Торндайк, Н.К. Крупская, П.П. Блонский, А.С. Макаренко, Л.С. Выготский, Э,И. Моносзон, Л.И. Божович, С.Л. Рубинштейн, В.В. Давыдов т.б.)
«Тұлға», «адам», «индивид», «жекелік» ұғымдарына түсінік. Тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін факторлар. Тұқым қуалаушылық. Орта. Тәрбие. Адамның өзіндік өзгертуші іс-әрекеті -тұлғаны қалыптастырудың негізгі факторы. Белсенділік. Қарым-қатынас белсенділігі. Таным белсенділігі. Өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі.
Оқушылардың дамуы мен тәрбиесінің өзара байланысы. Оқыту мен дамудың өзара байланысы. Әлеуметтендіру үдерісінде тұлғаның қалыптасуы. «Тұлғаның өзін-өзі дамытуы» түсінігі. Тұлға дамуының қозғаушы күштері және негізгі заңдылықтары. Дамудың гендерлік ерекшеліктері. Бала дарындылығы.

Жас. Жас кезеңдері. Акселерация. Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері -олардың көпшілігіне тән ерекшеліктер мен сипаттар.Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы мен тәрбиесінің ерекшеліктері. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың дамуы мен тәрбиесінің ерекшеліктері. Баланың білім алудағы іс-әрекеті де, бұған дейінгі барлық іс-әрекеттер (манипулияцилық, пәндік, ойын арқылы) сияқты, оған ену тәжірибесі арқылы бірте-бірте дамиды.Білім алу іс-әрекеті оқушы баланың өзіне бағытталған іс-әрекеттен тұрады. Бала тек білім алуды ғана емес сонымен бірге оны қалай меңгеруді де үйренеді. Жазу есептеу, оқу және тағы басқаларына үйрену арқылы бала өзін - өзі өзгертуге қарай бағыттай алады, яғни, ол іс-әрекеттік және ақыл-ойлық қажетті әдістерді (оны қоршап тұрған мәдениетке тән) меңгереді;


Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастан, баланың алдына оқу іс-әрекетінің шарттарын қойса, бұл баланың шын мәнінде оқу іс-әрекетіне тез араласып кетуіне (бұл жағдайда ол білімді алуға қалыптасқан) себеп болады немесе өзінің шамасы келмейтін оқу тапсырмаларының алдында сасқалақтап, бірте-бірте өзіне деген сенімін жоғалтады, мектепті және оқуды ұнатпаушылық сезімін оятып, бұл тіпті баланың бойындағы әдетке айналады. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйкес оқыту, тәрбие берудің тиісті түрін, әдістемесін және тәсілін пайдалану керек.
Жеткіншектердің дамуы мен тәрбиесінің ерекшеліктері. Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жасөспірімдік шағы (10-15 жас) ең қиын кез болып есептеледі. Балалардың тәртібі нашарлап, сабаққа үлгерімі төмендейді, қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас та қалыпты болмайды. Кейбір балаларда тіпті қоғамды жатсыну әдеті пайда болады.
Жасөспірімдердің дамуы мен тәрбиесінің ерекшеліктері. Жасөспірім шақтың біраз бөлігі орта мектептің жоғары сыныбына сәйкес келеді және жеке тұлғаның қалыптасу процесінде айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Бұл жаста /15-17 жаста/ адамның тұлғалық жағынан пісіп-жетілу кезеңі аяқталады, оның өмірге көзқарасының негізгі сипаттары қалыптасады, үлкен өмір алдындағы ең алғашқы рет өз бетімен шешім қабылдап, болашақ кәсібін тандау міндеті жүзеге асырылады. Қоғамда балалық шақтан жастық шаққа өту кезеңі тек қана оның тұлғалық жағынан пісіп-жетілуінің ғана белгісі емес, сонымен бірге мәдениетке ұмтылу, белгілі бір деңгейіндегі білім, нормалары мен дағды жүйесін игеруі, сол арқылы жеке тұлға еңбек етіп, қоғамдық қызметтер атқара алады және әлеуметтіқ жауапкершілікті сезінеді.
Дамудың біркелкі еместігі. Тұлғаның табиғи шамасы (потенциалы) және балалардың жеке ерекшеліктері Тұлға дамуының нақты мүмкіндіктері(көкейкесті мүмкіндіктері және «дамудыңтаяу зонасы»)және оларды тұтас педагогикалықүдерісте оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда есепке алу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет